Футбол • 20 Қараша, 2017

Жасөспірімдер арасында чемпион анықталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада 2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ел біріншілігі аяқталды. Чемпиондықты финалдық кезеңге шыққан "Ертіс", "Қайрат", "Ордабасы" жəне "Астана" жасөспірімдер командалары сарапқа салды. 

Жасөспірімдер арасында чемпион анықталды

Біріншіліктің қорытындысы бойынша оңтүстіктің жас өрендерін 2-0 есебімен жеңген "Астана" жасөспірімдер командасы чемпион атанды. Павлодардың "Ертісі" үшінші орынға болған ойында "Қайратқа" есе жіберді. 

Вячеслав Прокопенко "Астана" жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы:
- Өте тартысты ойындар болды. Жалпы, біріншілікте екі рет жеңілдік, бір ойын тең түстік. Қалған ойындардың барлығын жеңдік. Финалдық ойындарда қайсарлық көрсеткен командама рахмет айтқым келеді. Жан-жақты қолдау көрсеткен клуб басшылығына ризашылығым шексіз. Жасөспірімдер арасында өтетін чемпиондары лигасына жолдама алғанымызға қуаныштымын. 
 

Еркебұлан Жомарт