Қазақстан • 21 Қараша, 2017

Гір көтеруден созақтық спортшы әлем чемпионы атанды

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Созақтық спортшы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды.

Гір көтеруден созақтық спортшы әлем чемпионы атанды

Ал жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты.

Дүбірлі жарыста Қобыланды 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруден 62 рет бағындырды. Ал жаттықтырушысы М.Серікбаев 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қос сайыс бойынша 131 рет көтерген. Алғашқыда қазақ күресімен айналысқан Қобыланды осыдан үш жыл бұрын гір тасын көтерудің қыр-сырын үйрене бастапты. Осы спортпен айналысқан бір жылдың ішінде жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанып, Латвияда өткен Европа чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасында ел біріншілігін ұтып, ұлттық құрамаға мүше болды.

Айта кетелік, жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Созақ спортының төл тумасы Қобыланды Орынбасаров Алматы қаласындағы Қазақ туризм және спорт академиясының 3-курс студенті.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»