Қазақстан • 21 Қараша, 2017

«Астана» – «Вильярреал» ойыны кезінде арнайы қоғамдық көліктер қарастырылады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» – «Вильярреал» ойыны кезінде жанкүйерлер арнайы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана» – «Вильярреал» ойыны кезінде арнайы қоғамдық көліктер қарастырылады

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана» – «Вильярреал» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 23 қарашасында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады (кері бағытта әкететін). Автобустардың жүру уақыты –  сағ 20:00-ден 21:00-ге дейін; Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы.

Автобустар төмендегі автотұрақтардан жүретін болады:

– «Қазақстан» СК тұрағы;

– «Нұр Астана» мешіті тұрағы;

– «Жастар» сарайы» тұрағы;

– «Астаналық цирк» тұрағы.

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 23:30-дан стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді Қабанбай батыр даңғылы бойынша қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар