Парламент • 21 Қараша, 2017

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы заң жобасы қаралды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы заң жобасы қаралды

Шарттың негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Еуразиялық экономмикалық одақтың Кеден кодексі кедендік реттеу  саласында:

декларация негізінде толтырылған құжаттарды кеден органына ұсынбай, электрондық түрде кеден декларациясын беру мүмкіндігі;

тауарларды шығаруды кеден декларациясы тіркелген сәттен бастап төрт сағаттың ішінде жүзеге асыру;

кеден органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз, кеден декларациясын тіркеуге және тауарларды автоматты түрде шығаруға байланысты  кедендік операцияларды жасау мүмкіндігі;

Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесінің берілуі, арнайы жеңілдіктердің тізімдері, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағындағы кедендік бақылауға қатысты арнайы жеңілдіктердің тізімдері кеңейтілуі мүмкін заңды тұлғалардың санаттарын көбейту сияқты жаңа басым бағыттарды енгізеді.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.