Қазақстан • 22 Қараша, 2017

«Жаңа Жібек жолы - 2018» халықаралық экспедиция басталады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа Ұлы Жібек жолы» халықаралық экспедициясына арналған баспасөз-конференция өтті. 

«Жаңа Жібек жолы - 2018» халықаралық экспедиция басталады

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және істер департаменті директоры Алмаз Нұразқан, Қазақстан Республикасындағы Польшаның Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиев, экспедиция жетекшісі – Поляк саяхатшысы және зерттеуші Яцек Палкевич, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Хазбулатов Андрей және «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дүйсенгалиев Тимур қатысты.

Спикерлер экспедиция сәуір айында Қытайдан аттанып, маусымда Польшада мәресіне жететінін мәлімдеді.

«Жаңа Жібек Жолы - 2018» халықаралық экспедициясы» - Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында іске асырылатын жоба. Сонымен қатар, шара тарихшылар, археологтар мен этнографтардың қатысуымен, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында іске асырылып, «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасымен сабақтасады. Бүгінгі күні, біз осы бағытта үлкен жұмыс жүргіздік. Мәдени-тарихи белдеуге кіретін нысандардың тізімі жасалды, Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты құрастырған виртуалды карта іске қосылды. Жоспарланған экспедицияның нәтижелері мәдени мұрамызды толықтыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Алмаз Нұразхан.

Сонымен қатар спикерлер экспедицияның барысын барлық қатысушы елдер бақылай алатынын, құрамы мен бағыты туралы ақпаратты және осы тақырып бойынша барлық жаңалықтар http://silkroad-2017.com экспедицияның ресми сайтында жарияланатынын мәлімдеді.