Бизнес • 23 Қараша, 2017

Ақтөбеде өндіріс орындарын жаңғырту жұмыстары жолға қойылған

425 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ел экономикасын одан әрі да­мытудың басты кепілінің бірі – технологиялық жаңғырту жұ­мыс­­тарын жүйелі түрде жүзеге асы­­ру болып отыр. Бұл міндет Пре­зидент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­станның үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­ті­лік» Жолдауының басты өзегін құ­рай­ды.

Ақтөбеде өндіріс орындарын жаңғырту жұмыстары жолға қойылған

Мемлекет басшысы атап көр­сеткендей, мұның өзі дәстүрлі ба­залық салаларды дамытуға со­ны серпін бермек. Осы орайда өнер­­кәсібі өркен жайған Ақтөбе об­лы­сында тың іс-шаралар кешені бел­гі­леніп, жүзеге асырылып келеді.

Жаңғырту бұрыннан бар ин­дус­­триялардың екінші тынысын ашып, оның өрге озуы үшін қо­сымша қаражат құюмен ұшта­са­тыны белгілі. Сайып келгенде ай­мақ­та қолға алынған жаңғырту жұ­мыс­тарына тән басты ерекшелік – әрбір кәсіпорынмен дербес жұмыс іс­теу үрдісі енгізілгені. Тиісті жол картасы да осы мақсатқа ың­ғай­­ластырылған. Биыл облыс­та жаң­­ғыртылуға тиісті нысандар қа­­тарына аз да емес, көп те емес, ұзын саны жиырма кәсіпорын ен­гі­­зілген. Оның иелері өз өнді­ріс­те­рін нығайту үшін 12 миллиард тең­ге инвестициялық қаражат құю жөнінде есеп жасапты. Ар­найы тізімге енбесе де, өңірде өн­ді­­рістің әртүрлі салаларында бұл ба­ғытта қадам жасай бастаған кә­сіп­орындар қатары көбейіп келеді.

Талпыныстар нәтижесіз де емес. Егер соңғы үшінші тоқ­сан­ның қорытындысында өңір­­де­гі барлық әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық көрсеткіштер бойын­ша өсу де­ректері тіркелсе, мұнда жаң­ғы­р­ту жолын ұстанған өндірістік кә­сіпорындардың елеулі үлесі бар еке­ніне шек келтіруге болмайды. Сондай-ақ осы уақыт аралығында өңір өңдеу өнеркәсібінен еліміз бойынша бірінші орынды иелен­ге­ні де жұмыстың жеміссіз емес екенін көрсетеді. Айталық, өн­ді­рілген өнім мен шикізаттың кө­лемі жөніндегі астрономиялық сан­дарды алға тарта сөйлейтін өңір бас­­шылары бар. Бұл соншалықты мақ­тан тұтуға, желпініп айтуға тұ­рар­лықтай көрсеткіш бола алмаса керек. Өйткені өнімді өндіру бар да, өңдеу бар. Тіпті екеуінің айыр­ма­шылығы жер мен көктей десе де болады.

«Қазіргі қолда бар деректер өткен тоғыз айдың ішінде он бес кәсіпорында 9,5 миллиард тең­ге­нің жаңғырту жұмыстары жүр­­гізілгенін айғақтайды. Алда­ғ­ы мақ­сат жыл аяғына дейін жо­ға­ры­да көрсетілген межеге жету. Әри­­не, кәсіпорындарды жаңғырту жұ­­мыстары жалаң дерекке құры­л­мауға тиісті. Дегенмен егер оның қорытындысында еңбек өнім­ді­лігі өсіп жатса, алға қойылған мақ­сат­тың орындалғаны емес пе? Бұл ба­ғытта ақтөбелік өн­ді­рісшілер жыл қо­рытындысы бой­ынш­а еңбек өнім­ділігін 12,5 пай­ызға көтеруді көз­деп отыр», деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Сонымен бірге ол өңірде өнім­нің өзіндік құны мен қайта өң­делуін тереңдету жөнінде де ау­қым­ды шаралар белгіленгенін ай­тып берді. Бүгінгі таңда облыс­та жаңа желілерді іске қосу есе­бінен шығарылатын өнімнің эко­логиялық жағдайын жақсарту мә­се­лелері де қоса ойластырылып отыр­ғаны жаңашылдықтың бір жар­­шысындай әсер қалдырады. Сөз жоқ, бұл тиімділік пен пайда әке­летін жобалар қатарын толық­тыр­мақ.

Қазіргі кезде облыста бәсекеге қа­білетті ірі кәсіпорындардың ин­дус­трияландыру деңгейін көте­руге жан-жақты көңіл аудары­ла бастағаны да үлкен сенім туғы­за­ды. Осы арқылы экспорттық өн­ді­рістерді дамытуға жол ашыла­ры анық. Ең бастысы осындай тә­сіл арқылы жыл аяғына дейін өн­ді­рілген өнімнің қосымша өсімі мен өндірістік басқару техноло­гиясын жаңа деңгейге көтеру қа­рас­тырылған. Екінші тұрғыдан ал­ғанда, бұл импорттық тауарлар мөл­шерін елеулі түрде шектеуге жол ашатын игі іс болмақ.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаң­ғыртумен қатар облыста құ­ры­лыс саласына да жаңаша көз­қарас енгізу мәселелері ойлас­ты­рылған. Мұндай өміршең бас­тама бірінші кезекте жергілікті құ­­рылыс индустриясының өнім­дерін пайдалануға басымдық беруден көрініс тауып отыр. Оның нә­тижелері де тәп-тәуір деуге бо­ла­ды. Қазіргі күні аймақтағы құ­рылыс компаниялары өздеріне қа­жет­ті материалдардың 80 пайы­зын жер­гілікті жерден пайдаланады. Әри­не бұл арада өңір аумағында це­мент және металл секілді құры­лыс материалдарының түрлері өзге өңір­лерден жеткізілетінін жасырып қалудың ешқандай жөні жоқ.

Қысқасы, жаңғырту жұмыс­та­рының өрісі де, ауқымы да кең бо­л­са, бұл жағдай Президент Жол­дауында айтылған кешенді мін­деттердің ойдағыдай орындалу­ына толық негіз қалайды. Бұл рет­те оған тек ірі кәсіпорындарды ға­на емес, сонымен бірге орташа өндіріс орындарын тартудың ти­ім­ділігі де мол болмақ. Қазір об­лыста атқарылар істің басты салмағы осы мәселеге қарай ойысып келеді. Сондай-ақ өңірде жаң­ғырту мәселелеріне қатысты іс­ке асып жатқан кешенді шаралар оған әлеуметтік салалардың да қатысуын көздейді. Бұл орайда ЭКСПО-2017 мамандандырылған ха­лықаралық көрмесі кезінде көп­ші­лік танысқан жобалар ендігі кезек­те ел игілігіне қызмет жасауы керек­тігі бұл істің арқауы болмақ. Өт­­кен қазан айында Ақтөбеде өткі­зіл­ген инвестициялық форумның бас­ты желісі дәл осы мәселеге ар­нал­ған-ды. Мұндағы басты мақ­сат – өміршең технологияларды жергілікті өндіріс орындарына орнықтыру.

Түйіп айтқанда, облыстағы ірі кә­сіп­орындар алдағы жылдары те­х­­нологиялық жаңғырту ісіне аса қо­мақты қаражат бөлуді ойлас­ты­рып отыр. Әлбетте басты мә­се­ле тындырылған іс пен түпкі нә­­ти­жеде емес пе? Осы орайда ақ­тө­белік өндірісшілер жаңғырту ісі­не жұмсаған қаражатының мөл­ше­ріне сай бұдан тиісті қайтарым алатынына сенім білдіргіміз келеді.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ