23 Қараша, 2017

Өзара әріптестікті нығайтудың бір бағыты

719 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстанда Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұй­ымы­ның (ҰҚШҰ) «Мызғымас бау­ыр­лас­тық-2017» стратегиялық оқу-жат­ты­ғулары өтті. Онда ұйымға мү­ше бар­лық елдердің әскери қыз­мет­кер­лері жаттығу алаңында бір­лес­кен операцияларға қатысты. Бұл жат­ты­ғулар дағдарыстық аймақ­тар­дағы қақ­тығыстан кейінгі реттеу­лер­ге ар­налды әрі БҰҰ стандартта­ры мен за­манауи әдістерін ескере оты­рып, ҰҚШҰ бітімгерлік күштері дай­ын­ды­ғын жетілдіруді қамтамасыз етті.

Өзара әріптестікті нығайтудың бір бағыты

Еске салар болсақ, биыл қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі аймақтық құрылымдардың бірі ҰҚШҰ-ның құрылғанына 15 жыл толды. Осы аралықта ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер – Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы қатынастар осы әскери-саяси бірлестік аясында жан-жақты стратегиялық әріптестік және сенім рухында дамыды. Бұған ұйым қызметі шеңберінде өтетін тұрақты кездесулерден де көз жеткізуге болады.

Қазақстанның ҰҚШҰ-ның мүшесі ретіндегі рөлі аса маңызды. Бұл орайда Мемлекет басшысының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерін (ҰЖӘК) құру туралы 2009 жылғы бастамасын да қаперден шығармаған жөн. ҰҚШҰ-ның маңызды күштік құрылымы – ҰЖӘК қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризмге, діни экстремизмге, есірткі тасымалына қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға бағытталған. Қазіргі таңда құрылым 25 000 қызметкерден тұрады. Өткен жылы Қазақстан бастамасымен ҰҚШҰ-ның Ұжымдық Әуе күштері құрылды.

Сонымен бірге ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша ұйым жұмысының басымдықтары мен даму бағыттарын белгілеген ҰҚШҰ-ның 2025 жылға дейінгі Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясының 2016 жылы бекітілуі де маңызды болып саналады. Бұл ретте ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) өнімді жұмысы туралы да айта кету керек. Ұйымның Жоғарғы органының 2016 жылдың қазан айында Ереван қаласында өткен сессиясының негізгі нәтижелерінің бірі халықаралық терроризмге қарсы әрекет ету аясындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қо­сым­ша шараларының тізілімін қабылдау жә­не ҰҚШҰ форматында лаңкестік деп та­нылған ұйымдардың бірыңғай тізб­е­сін қалыптастыру туралы ережеге қол қою болды.

Сондай-ақ осы күндері ҰҚШҰ Пар­ламенттік ассамблеясы да тиімді әрекет ете­ді. Парламенттік ассамблеяның онын­шы пленарлық отырысы қазан айын­да Санкт-Петербургте өтті. Ол мем­лекеттік құпиялар, энергетикалық қау­іп­сіздік, гуманитарлық көмек тура­лы үлгі заңдарды қарастыруға ар­налды. Кездесуге қатысушылар Орта­лық Азиядағы ынтымақтастық пен өңір­лік қауіпсіздікті заңнамалық қам­тамасыз етуді, Парламенттік ассамб­лея деңгейіндегі ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ арасындағы қарым-қатынас жайын тал­қылады.

Уақыт озған сайын мүше елдердің әскери-экономикалық саладағы өзара іс-қимылы да кеңеюде. 2016 жылы мүше мемлекеттердің басшылары 2018 жылға дейінгі әскери-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын ма­құл­­дады және әскери техника мен жаб­дықтарға қызмет көрсету бойынша сер­вистік орталықтар желісін енгізуді көз­дейтін болашақтағы мүмкіндіктерді қа­растырды. Бұл тұрғыдан алғанда есір­ткінің заңсыз айналымына және пре­курсорларға қарсы күрес жөніндегі «Арна» халықаралық операциясы, «Заңсыз» заңсыз миграцияға қарсы күрес шарасы, «Прокси» экстремистік және террористік сипаттағы веб-ресурстармен күрес сияқты жыл сайын ұйымдастырылуға тиісті бірлескен операциялар жүргізудің стратегиялық маңызы жоғары болып табылады. Бұл орайда нормативтік-құқықтық базаны кеңейту және тұрақты негізде ұйымдастырудың стратегиялық құжат­та­рын қабылдау қажеттігі туындайды. Сондықтан 2014 жылы ақпарат сала­сын­дағы қылмыстық әрекеттерге қарсы әре­кет ету туралы ҰҚШҰ-ға мүше мем­ле­кеттердің өзара әрекеттестігі туралы хаттамасы қабылданды.

ҰҚШҰ қызметінің маңызды бір бөлігі – бейбітшілік пен тұрақтылықты қам­­тамасыз ету жөніндегі басқа да ха­лықаралық ұйымдармен өза­ра әре­кеттестікті нығайту болып табыла­ды. 2004 жылдан бастап ҰҚШҰ БҰ­Ұ Бас Ассамблеясының ба­қы­лау­­шысы. Сондай-ақ ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ­ сынды халықаралық құры­лым­­дармен ынтымақтастық орнатуы жо­ға­ры мәнге ие. Негізінен, бұл ұй­ым бұ­рынғы ке­ңес­тік елдер арасында әс­кери қау­іп-

с­із­дік саласындағы ын­ты­мақ­тас­тық­ты нығайтуға септігін ти­гі­зу­де. Ал Қазақстанның осы ұйымға бел­сен­ді қа­тысуы еліміздің бітімгершілік бас­та­маларын алға жылжытудың және ха­лықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тағы бір бағыты болып табылады.

Соңғы жаңалықтар