Үкімет • 23 Қараша, 2017

Сағынтаев ҚЕБҚ өкілдерімен бизнес ахуалды оңалту жайын талқылады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен еліміздің бизнес ахуалын жақсарту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Сағынтаев ҚЕБҚ өкілдерімен бизнес ахуалды оңалту жайын талқылады

Кездесу барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып, Қазақстанның туризм саласын дамыту келешегі қаралды.

Талқылауға ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Т. Христеа, ҚЕБҚ атқарушы директоры Ю. Кусиди, директорлар кеңесінің мүшелері: ҚР және Орталық Азиядағы Ernst&Young басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, Air Astana президенті П. Фостер, Орталық Азиядағы Procter&Gamble директоры О. Воронова қатысты.  

 

Соңғы жаңалықтар