Аймақтар • 23 Қараша, 2017

Жамбыл облысында үшжақты меморандумдарға қол қойылды

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу және Байзақ аудандарының әкімдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері және демеушілер арасында үшжақты меморандумға, сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бойынша жалпы құны 500 миллион теңге болатын сегіз меморандумға да қол қойылды.

Жамбыл облысында үшжақты меморандумдарға қол қойылды

Сонымен қатар Тараз қаласындағы «Достық үйінде» аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдеріне арналған арнайы семинар-кеңес өтті. Мұнда қаржы-экономикалық саясаттың өзекті мәселелері, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері, кәсіпкерлікті дамыту, туризм, еңбек қатынастарының өзекті мәселелері және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері сөз болды. Аталған семинар-кеңесті Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды одан ары дамытудың маңыздылығына тоқталды. «Бүгінде Мемлекет басшысы тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне баса назар аударылуда. Оның айқын дәлелі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мемлекеттік аппарат қалыптастыру деп аталатын бесінші бөлігіндегі есеп беретін ауылдық округ, ауыл, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін айтсақ та болады», деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар барлық деңгейдегі әкімдерге мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы, республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардағы орындаушылық тәртіп мәселелері туралы баяндамалар оқылып, қойылған сұрақтарға баяндамашылар тарапынан жауап берілді. Семинар-кеңес барысында Бекболат Орынбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және ауылдарда қалай іске асыру керектігіне де тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу, «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобаларын іске асыру жайы да талқыланды.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы                     

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51