Алматы облысында «Сонар – 2017» халықаралық құсбегілер жарысы өтіп жатыр

Бүгін Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Сырымбет ауылында «Жалайыр Шора» құсбегілік мектебінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Сонар – 2017» халықаралық қансонар өтіп жатыр, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.

Егемен Қазақстан
25.11.2017 6855
2

Айтулы шараға 48 бүркіт, 4 қаршыға, 4 ителгі қатысуда. Қытайдан 3, Моңғолиядан 2 бүркітші келсе, қалғаны Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. 

Кеше қансонардың қолға шақыру, шырғаға түсіру бөлімі өтіп, одан іріктеліп шыққан қырандар бүгін қоянға салу бойынша бəсекеге түсті. Нəтижеде 7 бүркіт финалға шығып, ертең жарыстың түлкіге салу бөлімінде бақ сынасады. Ал, қаршыға жəне ителгі қырандары өз алдарына жеке-жеке жарысқа түседі. Өйткені, қаршыға кептерді шеңгелдей сығып ұстаса, ителгі тепкінмен алады. Сондықтан да қаршыға мен ителгі бөлек жарысқа түсіп отыр. Сондай-ақ, бұл сонарда тек бүркітшілер арасында тұңғыш рет асау үйрету, теңге ілу, қызқуу, садақ ату, аударыспақ, көкпар тарту бойынша жарыс өткізілуде. Бұған дәстүрлі ән мен күй сайсы да қосылып отыр.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру негізінде өтіп жатқан сонарды Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт минстрлігі Спорт жəне дене шынықтыру комитетінің, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының және «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығының қолдауымен Алматы облыстық туризм, дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен «Қыран» федерациясы ұйымдастырып отыр.

Сонардың ашылуында мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, ұлттық спорт қамқоршылары Оралбай Əбдікəрім, Қанат Ахметов, алашшыл ақын, «Дəстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов жəне «Жалайыр Шора» құсбегілік мектебінің іргетасының қалануынан бастап басы-қасында жүрген, бүгінде аталмыш мектептің жетекшісі, ұлтымыздың құсбегілік өнерінің қайта жаңғырып, дамуына еселі еңбек сіңіріп келе жатқан қазақтың қайраткер қызы, «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі.

Қандыбалақ қырандардың қызықты жарысы ертең аяқталады.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы, Сырымбет ауылы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Велошабандоз Андрей Кивилевтің құрметіне арналады

19.09.2018

Қызылордалық полицейлер «Қалта ұрлықтарынан сақ болыңыздар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

19.09.2018

РОБОТТАР ҚЫЗЫЛОРДА ДА ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ

19.09.2018

Алқызыл алау Алматы арқылы өтеді

19.09.2018

Таразда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

19.09.2018

Сауль Альварес IBO чемпиондық титулынан айырылды

19.09.2018

Жаңа жылдан бастап дәрілік заттардың бағалары реттелмек

19.09.2018

Қостанайда ішкі істер органдары ақпараттық қызметтің 100 жылдығы аталып өтілуде

19.09.2018

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған кеш өтті

19.09.2018

Солтүстік Қазақстанның қос бишісі Азия чемпионатынан екі алтын медаль олжалады

19.09.2018

Қазақстанның тұрақты өкілі: елдегі жағдайды тұрақтандырудағы жетекші рөл ауғандарға тиесілі болуы керек

19.09.2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды

19.09.2018

«Астана Банкі» лицензиясынан айырылды

19.09.2018

Жауқазын жырлар жалыны

19.09.2018

Тоғыз тонна есірткі тәркіленді

19.09.2018

Жазушымен жүздесу

19.09.2018

Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды

19.09.2018

Тарихи атаулармен түрленеді

19.09.2018

Ұстаздығы ұшан-теңіз жан

19.09.2018

«Герцептин» тапшылығы алаңдатады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу