Аймақтар • 27 Қараша, 2017

Қарағандыдағы облыстық мұражайда аудиогид қызмет көрсетеді

1052 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көптен күткен мерейтойлардың бірі – Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 85 жылдығы болатын. 1932 жылы 7 қарашада құрылған  музей бұл күнде үлкен сипатқа ие. Қорында 150 мыңнан астам жәдігер сақталған мұражайдың ерекшелігі көп. Тарихты танығысы келген адам бір ғана «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залының өзінен мол мағлұмат алып шығады.

Қарағандыдағы облыстық мұражайда аудиогид қызмет көрсетеді

2011 жылы Қарқаралы ауданындағы Талды-2 қорымын зерттеу нәтижесінде табылған археологиялық жәдігерлер негізінде жаңа экспозиция «Сақ мәдениеті» залы да бүгінде бірегей орын болып табылады.

Сонымен мерейтойға орай музейде «XXI ғасырдың музейі: музейлердің дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар және перспективалар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Және де «Сарыарқаның тарихи-мәдени құндылық­тары» атты ғылыми каталог пен «Тарих және музей» атты моно­графияның тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

– Біз мерейтойға орай түрлі уа­қыттарда бізге дейінгі қыз­мет­керлер жүргізген зерттеу­лерді біріктіріп, ғылыми жинақ даярладық. Мына монография Қарағанды облысының мұражай ісі, өңір тарихы туралы. Сондай-ақ ішіне 300-ден аса бағалы жәдігер енген ғылыми каталогты басып шығардық, – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

Мерейтой құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Қазақстанның түрлі аймақтарынан музей мамандары, ғалымдар мен мәдени-ғылы­ми орталық өкілдері шақырылған.

Шара барысында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында аудиогидтің тұсаукесері өтті.

– Аудиогид – бұл түрлі тілдер­де жазылған экскурсия, оны жәдігер нөмірі арқы­лы тыңдауға болады. Біз аудио­гид­­терді қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде дайын­дадық. Бұл жұмыстарға шамамен бір жылдай уақыт кет­ті. Жалпы, Қазақстанда аудио­гид­тер бір жарым жыл бұ­рын пайда болды. Біз бұл құрыл­ғыларды өзімізде жинаймыз, жабдықтарды Қытай­дан әке­леміз. Бағдарламалық қамсыз­­дандыруды өзіміз жазамыз, – дейді «Нұрлы Ғалам» ЖШС өкілі Нұрлан Гарафиев.

«Нұрлы Ғалам» ЖШС дайын­­даған аудиогидтер бүгін­де Қазақстанның үш қаласында – Астана, Қарағанды және Павлодарда бар. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында таныстырылған аудиогидке жеті тілде 350 файл жүктеуге болады. Мұражайға келушіге билет сатып алғанда құрылғы беріледі. Ол тыңдайтын тілі мен жәдігер нөмірін енгізіп, экскурсияны тыңдай алады.

Компания Қарағанды облысы үшін барлығы осындай 160 аудиогид әзірлеген. Олар­дың 40-ы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына арнал­ған. Қалғандарын Жезқазған, Бал­қаш, Қарқаралы мұражай­лары, Облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Теміртаудағы Тұң­ғыш Президент мұражайы мен Долинкадағы Саяси қуғын-сүр­гін құрбандарын еске алу мұра­жайы өзара бөлісті.

 

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы