Командалық ойын түрлерінде ілгерлеушілік неге жоқ?

Қазақстан – бүгінде спорт­тық державалар қатарына қо­­сылуға ұмтылып жүр­ген елдердің бірі. Бұған ал­­­ғы­­­­­шарт­тарымыз да жоқ емес. Спорттың оң жам­ба­сы­­м­ызға дөп келе­тін кей­бір түрлерінен құр­лық­тық бі­­­­ріншіліктерде, әлем чем­пи­­онаттарында, төрт жыл­дық­­тың басты спорт­тық оқи­­ғасы саналатын Оли­м­пия ойындарында тәп-тәу­ір көр­­сеткіштерге қол жет­кі­зіп жүрміз. Бі­рақ командалық ойын түр­леріне келсек, өкі­ніш­­ке қарай аузымыз­ды қу шөп­­пен сүртуге мәж­бүр­міз. Қан­дай да бір ілге­рі­л­еу­шілік күт­ке­німіз­бен, ір­кі­лістеріміз тым ұзақ­қа со­зылып барады.

Егемен Қазақстан
27.11.2017 5755
2

Осы орайда біз бүгін коман­да­лық спорт түрлерінде алға тосар та­быс­тарымыздың жоқ екенімен қат­ар, оларда өнер көр­се­тетін жер­гілікті ұлт өкілдері – қазақ­тар қа­­тарының тым аздығы хақында әңгіме қоз­ғамақпыз.

Әуелі әлемде аса кең тараған коман­далық спорт түрі – во­лейбол­дан бастайық. Ерлер құ­ра­масы тө­рт жылда бір өтетін әлем чем­пи­онаттарының іріктеу сын­да­ры­на 1994 жыл мен 2014 жыл аралығында ал­ты рет қатысса, оның төртеуінде іріктеу сын­дарын бағындыруға қауқары жетпей, тек екеу­інде ғана жаһандық жарысқа ба­­ру­ға жолдама ала алыпты. Жол­да­ма ал­ған 2002 жылғы чемпионат­та 19-шы орын­ды қанағат тұтса, 2006 жылы 21-орынмен көштің соң­ғы жағында қалып қойған.

1993 жылғы күмісті айтпағанда, Азия чем­пионаттарындағы көрсет­кіш­теріміз де мардымсыз. Азия ойындарында бір мәрте 4-ші орынды мі­се тұтыппыз. Ал Олим­пиадада өнер көрсету волейболшы жігіт­те­рі­міз үшін әзірше арман болып тұр.

Әуелгі жылдары құрама санын­да қазақ­тар жоқтың қасы бол­са, бүгінде шүкір дер­лік, яғни кө­бею үрдісі байқалады. Егер нақ­ты­лай түссек, 22 ойыншының бе­сеуі өзіміздің қандастарымыз. Бі­рақ әрине, еліміздегі ұлттар мен ұлыс­тар­дың пайызына шаққан­да әлі де бол­­са аздау екенін мойындауға ти­іс­піз. Қысқасы бүгінде Октябрь Жа­­рыл­ғаповтың деңгейіндегі ізба­сар­­лар төбе көрсете алар емес. «До­ро­ж­никтің» деңгейінде өнер көр­­­сете ала­тын командамыз да жоқ.

Салыстырмалы түрде алғанда елі­міз­де­гі қыздар волейболының дең­гейі сәл жоға­ры­лау деуге болады. Қазақстан құрамасы 2005 жылы Азия чемпионатының күміс ме­­даліне, 2010 жылы Азиаданың қо­ла меда­лін­е қол жеткізсе, 2012 жә­не 2014 жылдары Азия кубо­гы­ның қола жүлдегері атанды.

2006, 2010 және 2014 жылда­ры қата­рынан үш мәрте Әлем чем­пионат­та­рына, 2008 жылы Бей­жің­де өткен Олимпия ойында­рына қа­тысты. Соңғы жылдары Әлемдік гран-при бәсекелерінде де тұрақты бақ сынап жүр. Әрине бұл жа­һан­дық жарыстарда біздің қыздары­мыз­­­ға әзірше жоғары орындардың ауы­лы тым алыс екенін де жасы­ру­дың жөні жоқ. Ал КСРО тұсында атой салған Алма­тының АДК ко­ман­­дасы көнекөз жан­күйер­лердің есінде екені күмәнсіз. Сол ке­ңестік ке­зеңде қазақстандық волейбол­шы қыз­дар КСРО ұлттық құрамасы са­пын­да әлем, Олимпиада чемпион­дары атан­ған­дары да ұмытыла қой­ған жоқ. Бірақ олар өзге ұлт­тың өкілдері еді. Қазір де Қазақ­стан құрамасы сапында жалғыз Са­на Анарқұловадан басқа қандас­та­рымыз көзге шалынбай тұр.

Қазақстанның баскетболдан ер­лер құрама командасы да жан­күйер­лерін қуанта ал­май келе­ді. Азия чемпионаттарындағы ең биік нәтижесі 2007 жылғы 4-ші орын. 2002 жылғы жазғы Азия ойындарында ғай­ыптан тайып қоржынға қола салуға қау­­қары жетіпті. Бірақ осы уақытқа дейін Оли­мпиада мен әлем чемпионаттарына қа­тысып көрген жоқ. Қатыспайын демей­ді, іріктеу сындарынан өте алмайды. Азия құрлығынан. Ал Азияда әлемдік бас­­кетболдың алыптары ойнамайтыны та­­ғы аян.

Баскетбол құрамасында, қосал­қы ойын­­шыларды қоса алғанда, 12 спортшы бо­лады. Мұнда да қазақ­тар жетекші рөл ат­қа­рады де­сек, қателесеміз. Себебі құра­ма сапын­да Рүстем Мырзағалиев де­ген жалғыз қандасымыз ғана өнер көр­сетеді. Сондықтан спорттың аса танымал осы түрінен алар сы­­бағамызды Әлжан Жар­мұ­ха­ме­дов сынды саңлақтар шоғыры соқ­­­таланып шыққанша келер күн­де­р­дің ен­шісіне қалдыруға тура келіп тұр.

Енді еліміздегі қыздар баскетболы туралы бірер сөз. Жалпы, Қазақ­станда қыз­дар баскет­болы­ның дәстүрі, командалар сапында жер­гілікті ұлт өкілдері мүлдем жоқ­­­тың қасы болды демесеңіз, жақ­­сы қалып­тасқан деуге негіз бар. КСРО кезінде ҚазМУ-дің «Уни­вер­ситет» деп аталған коман­дасы ел біріншілігінің жоғары то­бын­да өнер көрсеткені мәлім. Оның құ­ра­мында ойнаған Надежда Оль­хо­­ваны спортсүйер қауым жақсы бі­­леді. Екі дүркін (1976, 1980 жылдар) Олимпиада чемпионы, екі дүр­кін (1975, 1983 жылдар) әлем чемпионы, Еуропаның алты дүркін жеңімпазы.

Бірақ ол – Ресейдің Алтай өлке­сінің тумасы. ҚазМУ-ді бітір­ген. Қазір Киевте тұ­ра­ды деген мә­­лі­мет бар. Кеңес уа­қытында, ко­­ман­далық спорттың қандай тү­рі екеніне қарамастан, одақтас рес­­пуб­ликаларда құрылған ко­ман­­да­лардың арасындағы күш те­­­пе-теңдігін біршама сақтау мақ­са­­тында орталықтан ойыншылар жіберу дәстүрі бар болатын. Н.Ольхованың да Алматы команда­сы­на сондай жолмен келгені анық. Ал сол шақта «Университет» сапынан «мынау қазақ» деп көрсететін ойын­шыны табудың өзі қиынға со­ғатын.

Қазақстанның қазіргі қыздар бас­кет­бо­лын­дағы жағдай да осы­ған ұқсас. Құрама сапын­дағы 12 ойын­шының ішіндегі қа­зақ қыз­да­рының саны екеуден асып көр­меп­ті. Нәтижесіне келсек, ұлттық құ­рама құ­рылған ширек ғасырға жу­ық уақытта не Олимпия ойында­рына, не әлем чемпио­нат­тарына қа­тыса алған жоқ. Осынау жа­һан­дық жарыстарға жолдама бе­ретін ірік­теу турнирлері қазақ­стан­дық қыз­д­ар үшін әзірше алынбас тас қа­­мал болып тұр. Құрлықтық дең­гей­дегі түрлі жарыстардан да қор­жы­нымыз ылғи бос қайтып жүр.

Елімізде біраз жұрт қызыға та­машалай­тын командалық ойын тү­рі – хоккей. Бұл спорттағы та­быс­­тарымыздың там­са­нар­лық­тай емес екеніне қарамастан, Құр­­­лықтық хоккей лигасы мен Жо­ғары хок­кей лигасында, Жастар хок­кей лигасы мен Қазақстан чемпионатында өнер көр­сететін ко­мандалар үшін айтарлықтай қар­жы қа­растырылған. Мұны бір жағынан бола­шақ­қа салынып отырған инвестиция деуге де болар. Бірақ әзірше әлемдік дең­гейдегі көрсеткіштеріміз көңіл көн­шітерліктей емес. Бұл сөзімізге ал­дағы жылдың басын­да болатын Олим­пия ойындарына қа­ты­суға жол­дама беретін іріктеу сынынан өте алмағанымыз дәлел. Сондай-ақ әлем чем­пи­онатының «А» тобында тұрақтап қалуға қау­қар таныта алмай келеміз. Тұрақтап қа­ла ал­ма­ғанымыз өз алдына, «В» тобынан «А» тобына қайта ораламыз де­ген соңғы ұмтылысымыз сәтсіз аяқ­талды.

Қазақстанның мұз қататын ай­мақ­та­рын­дағы ауыл-қалаларда ба­ла кезінде қолы­на имек таяқ ұста­мағандар кемде-кем бо­лар. Олар­дың арасында қазақ балала­ры да аз кездеспейтін. Бірақ осы спорт тү­рі жақсы жолға қойылған жалқы қ­а­ла Өс­кемен еді. Талай түлегі КСРО чем­пи­онатының жоғары то­бын­да өнер көр­се­тетін команда­лар сапында ойнады. Бо­рис Алек­сан­дров сынды Олимпиада чем­пи­оны да шықты. Ағайынды Кореш­­ков­тар­ды Магнитогордың «Ме­тал­лу­рг»
командасының жан­күйе­рл­ері әлі күн­ге құрмет тұтады. Ви­талий Еремеев Мәскеу­дің «Динамосының» қақпасын ұзақ жыл құ­лыпта ұстады. Николай Антропов күні ке­шеге дейін Ұлт­тық хоккей лигасында ойнады. Ман­сабының соңында екі-үш жыл «Барыс­тың» намысын да қорғап үл­герді. Айта берсек, Өскеменнен шық­қан шебер хоккейшілер жет­кілікті.

Шығыс өңірімізде өзге ұлттар­дың өкілдері басым тұрған­дық­тан екені даусыз, ұлты қазақ хоккей­шілер мүлдем аз көрінді. Шы­ны­мызды айтсақ, есімізге Ерлан Сағын­баев пен Талғат Жайлауовтан бас­қа ешкімді түсіре алмай отырмыз. Айтпақшы, тафгайлығымен аты шыққан Дамир Рыспаев та өске­мендік. Оның бір әлеуметтік желі­ге берген сұхбатында түрлі жас­тағы командалар сапында бар-жо­ғы 2-3-ақ қазақ баласы болғаны көлденең тартылады.

Әрине қазіргі кезде Қазақстан­ның қай облыс орталығы мен ірі қала­ларын алсаңыз да хоккеймен ай­на­л­ысатын немесе ойнайтын қа­зақ балалары мен жастарын кез­дес­тіруге болады. Жоғары хоккей ли­гасы мен Жастар хоккей лигасын­да және ел чемпионатында өнер көр­сететін жастар да бар. Бірақ та­ры ішінде бір бидай дегендей, өте аз. Мәселен, Қазақстанның 2017 жылғы әлем чемпионатына («В» тобы) қатысқан ұлттық құ­рамасы сапында бірде-бір жер­гілікті ұлт өкілі болған жоқ. Сол кездегі бас бапкер Эдуард Зан­ковец тіпті бүгінде «Барыс» сапын­да тәп-тә-
у­ір ойын көрсетіп жүр­ген Тал­ғат Жайлауовтың өзін құра­ма­ға лайықты ойыншы деп таппа­ды. Есе­сіне ұлттық құраманы ұш­паққа шы­ғарады деп қолдан та­би­ғи­лан­дырылған шетелдік хоккей­шіл­ердің қарасы (Кевин Даллмэн, Дастин Бойд, Брендон Боченски, Найджел Доус, Мартен Сен-Пьер) көп болды. Соған қарамастан Қазақстан құрамасы не әлем чем­пи­онатының «А» тобына шыға ал­мады, не Олимпия ойындарына жол­даманы жеңіп алуға қауқары жет­педі.

Әрине балғын хоккейшілер қарап бой түзейтін шебер шетелдік хок­кейшілер керек. Олар тіпті өз ойын­шылары жетіп-артылатын аса мықты Ресей командаларында да бар. Ал Қазақстан жағдайына келсек, шетелдік легионерлердің Астананың «Барыс» командасы­на сіңіріп келе жатқан еңбегі ұшан-теңіз. Солардың көмегімен
би­ыл «Барыс» ҚХЛ-дың «Шығыс» конференциясында көш бастаушы командалар легінде келеді. Бір өкініштісі Нұрсұлтан Белгі­баев, Мадияр Ибрайбеков, Әли­хан Әсетов секілді талапты хок­ке­й­ші­лер әзірше ұлттық құ­ра­­ма түгілі, «Барыстың» негізгі құ­­рамында тұрақтап қала алмай отыр.

Біз барлық командалық спорт тү­рін түгендеп шығуды мақсат ет­кен жоқпыз. Өйткені жоғарыда ай­тылған мәселелер басқа спорт түр­лерінің де басында бар әрі егіз қозыдай ұқсас. Тек сөзіміздің со­ңына қарай командалық спорт түр­леріне жатпайтын, бірақ кей­бір жағдайларда ұжымдық күш-жігерді де талап ететін екі-үшеуіне қысқаша тоқтала кеткенді жөн көр­дік. Солардың бірі – спорттың пади­шасы саналатын жеңіл атлетика. Мұнда да өзге ұлттардың ұл-қызына ғана иек артып отыр­ға­нымызды айтпасқа амалымыз жоқ. Кезінде Ғ.Қосанов, Ә.Тұяқов сын­ды ағаларымыздың қазақтың «же­ңіл» спорт түрінде де желдей есіп алар үлесі бар екенін дәлел­де­ген­деріне қарамастан қазіргі ахуал осылай қалыптасып отыр.

Сөзімізге айғақ керек болса ай­тайық. Үстіміздегі жылы жеңіл атлетикадан Үндістанда өткен Азия чемпионатына барған 31 қазақстандық жеңіл атлетшінің үшеуі ғана қандасымыз болды. Ерлердің арасында тіпті бірде-біреуі болған жоқ.

Шаңғы спортындағы жағдай­ы­мызбен де мақтана алмаймыз. Бұл спорт түрлерінде азды-көпті та­быс­­тарымыз болса, олардың бәрі де өзге ұлт өкілдерінің есімімен бай­ланысты және олардың ара­сын­да басқа да талапты жас­тар өсіп келе жатқанын айтуға тиіс­піз. Қазір әсіресе биатлоншы Г.Виш­невскаядан үміт күтіледі. Сол секілді шаңғымен жүгіруші А.Пол­торанин Олимпиададан ол­жа­лы оралса деген игі тілегіміз бар. Бұл орайда түрлі жарыстарда елі­міздің намысын абыроймен қорғап жүрген фристайлшы Ю.Галы­шеваның есімін құрметпен ата­ғанымыз жөн.

Елімізді жаһанға жария етеді деп ертеңге үмітпен қарайтын спорт түрлерінің бірі – үлкен тен­нис. Қазақстан құрамасының бас бап­кері Д.Досқараевтың айтуы­на қарағанда, бүгінде Отаны­мыз­да осы спорт түріне деген қы­зы­­­ғушылық үлкен, яғни онымен айна­лысатын өскіндер саны көп­теп өсіп келеді... Ал әзірше түрлі жа­рыс­­тарда еліміздің атынан тү­гел дер­лік ресейлік теннисшілер шы­ғып жүр. Бұл жерде «дерлік» деп отыр­ғанымыздың мәні мынада: үл­кен теннистің әліппесін алғаш Чехияда үйренген қандасымыз Зарина Дияс қазір Алматыда тұ­рады және жарыстарға Қазақстан атынан шығып жүр. Қалған теннисші ұл-қыздарымыздың ересектері осы спорт түріндегі алғашқы қа­да­м­­дарын енді жасап жатыр әрі әзір­ше айтарлықтай табыстарға қол жеткізе қойған жоқ.

Қорыта айтқанда, спорттың ко­ман­далық, сондай-ақ жоғарыда аз-кем тоқталған басқа да түрлерінен оза шапқан қазақ әзірше көзге тү­сер емес. Бір қуантатыны, жыл өт­кен сайын ел халқының әл-ау­қаты артып келеді. Қала қазақ­та­рының саны да көбейді. Осыған сәй­кес, спорт секцияларына баратын балалардың қатары қалыңдай түс­ті. Ал саннан сапа шығатыны еш күмән туғызбайды.

Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу