Президент • 27 Қараша, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті

Қазақстан Президенті Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті.

– Елордада тұрғысы келетін адамдардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава – әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы.