Президент • 27 Қараша, 2017

Мемлекет басшысы марқұм Анатолий Молодовтың отбасына көңіл айтты

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анатолий Молодовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы марқұм Анатолий Молодовтың отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті белгілі хор дирижері, педагог Анатолий Молодовтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Ол өмірінің көп жылын мәдениеттің биік мұраттарына қызмет етуге арнады. Оның есімі Қазақстан хор өнерінің қалыптасуы мен дамуының тұтас бір кезеңімен байланысты», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ, жеделхатта А.Молодов отандық дарынды орындаушылардың шоғырын тәрбиелеп шығарғаны айтылған.

Елбасы соңында А.Молодовтың есімі қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын атап өткен.