Кино • 28 Қараша, 2017

Елімізде Голливуд фильмдері түсірілуі мүмкін

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Голливуд фильмдері үшін түсіру алаңына айналуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жетекші Голливуд кинокомпанияларының продюсерлерімен ортақ жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Елімізде Голливуд фильмдері түсірілуі мүмкін

Қазақстандық мәдениет ведомствосы басшысымен кездесуге әлемдік киноөндірушілердің танымал продюсерлері –  М.Хью (The Walt Disney Company), Л.Ульман (NBC Universal), Г.Ли (CBS), В.Мендоза (Paramount Pictures Corporation), М.Валбрехт (Warner Bros.), Д.Рой (HBO) жи­нал­­ды. Қазақстан тарапынан, сон­дай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов жә­не Кинематографиялық өнер мен ғы­лым академиясының пре­зи­­денті Айман Мұсаходжаева қатысты.

Қазақстандық сыншылар­дың пікірінше, танымал Голливуд компаниясы басшылығымен кезде­судің өзі сәттілік. Әлемнің ірі кино­компанияларымен ынты­мақ­тастық қазақстандық киноөн­діріске әлемдік деңгейге шығып, елімізге инвестициялар мен шет­елдік туристердің жаңа ағынын қамтамасыз етпек.

«Бүгінгі таңда кино тек өнер түрі ғана емес, сонымен қатар экономика саласының анықтауы­шы. Мәселен, «Аватар» фильмі ж­арық­қа шыққанда, түсірілімдер жүрген Жаңа Зеландияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келе бастады. Кейбір мемле­кеттер киноқызмет көрсетуді табыс көзіне айналдырған. Олар Венгрия, Болгария, Канада сынды мемлекеттер», деді министр Арыс­танбек Мұхамедиұлы.

Министр Канадада түсіріліп, басты рөлде  Леонардо Ди Каприо ойнаған «Тірі қалған» фильмін мысалға келтірді. Оның ойын­ша, әлемдік деңгейдегі кино­ком­паниялар өкілдерін қазақ­стандық тараптың ұсыныс­тары қызық­тырып отыр. Осы орайда нақты қадамдар жасалынды.   

«Біз америкалық көрермен­дерге «Анаға апарар жол» фильмін ұсындық. Оны бұл жер­де үлкен қызығушылықпен қабылдады. Қазақстан киноөнері халықаралық кинофестивальдарда лайықты таныстырылып, жоғарғы марапатқа ие болғандығын қалаймыз», деп сөзін қорытындылады министр Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Мәде­ниет және спорт министрлігі әлем­нің жетекші кинокомпания­ларымен киноөндіріс саласында ынтымақтастық туралы келіс­сөз­дер өткізген болатын.  Лос-Анд­желеске іссапар және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын таныс­тыру аясында министрлік Қазақ­станның АҚШ-тағы елшілігімен бірлесе «Spirit of Great Steppe» шара­сын өткізді. Бірнеше қазақ­стан­дық фильмнің көрсетілімі, сондай-ақ Халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Димаш Құдай­бер­ген және тағы басқа өнер жұл­дыздарының қатысуымен концерт берілді.

«Егемен-ақпарат»