Қысқы Олимпиадада Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстан намысын қорғайды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы азаматы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Егемен Қазақстан
28.11.2017 5215
2

Ким Йонг А - Қазақстанның шорт-тректен әйелдер құрамасының спортшысы. Әлем кубогының үш кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтығын алған Ким екі лицензия жеңіп алған.

Йонг А-ның әкесі Ким Джонг Гон қызының қол жеткізген  медальдарын көзінің қарашығындай сақтап отыр. Дәрігер, дизайнер, музыкант және спортшы мамандығын таңдаған төрт қызды тәрбиелеген әке қандай мақтауға болсын лайық азамат. Ёна төртінші сыныптан бастап конькимен жүгіру спортымен айналыса бастаған. Спортшы қыз Корея мен Азияда үздіктер қатарында.  Оны елімізге Қазақстан құрамасының жетекшісі болған бұрынғы жаттықтырушысы шақырған.  Йонг А-ның Қазақстан азаматтығын алу шешіміне ата-анасы түсіністікпен қараған. 

«Қазір қай ел ұнаса сол елдің азаматтығын алуға мүмкіндік бар. Спортшы ретінде арманыңа қол жеткізетін елде өмір сүру - өте керемет және бірегей бақыт. Қазақстан тұрғындары өте мейірімді және ауқатты тұратынын білемін. Үлкен аумағы да адамдарға еркіндік береді, әрі Кореямен салыстырғанда ол жақтың ауасы таза», - дейді  Ким Йонг Аның әкесі Ким Джонг Гон.

 Қазақстан құрамасында оған еліміздің даңқты қызы Әлия Молдағұлованың құрметіне орай Әлия деген есім берілген. Астанада тұрған үш жыл ішінде Ким Йонг А қазақтың тіл үйірер тағамдарын сүйсіне жеп, қазақ тілін үйренуді бастап кеткен.

«Қазақстанмен салыстырғанда Кореядағы мұз алаңдары әлдеқайда суық. Сондықтан да жаттығу жасаған қолайлы. Пхёнчханда менің бүкіл өмірім өтті, ауа-райын да жақсы білемін, ас-ауқаты да үйреншікті мен үшін. Сондықтан да осында өтетін олимпиадада жеңіске жетуге бар күш-жігерімді саламын», - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Ким Йонг А. 

Ким Йонг А шорт-тректен әйелдер құрамасымен бірге  олимпиада алдындағы жаттығуларын Оңтүстік Кореяда өткізетін болады. Байрақты бәсеке  алдында ата-ананың қолдауы да маңызды. Олар жаттығу кезінде қыздарының жанынан табылу үшін Пхёнчхандағы Олимпиадаға билет те алып қойыпты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу