Қазақстан • 28 Қараша, 2017

Дариға Назарбаева Испанияның сенаторымен кездесті

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Жаңа жаһандық жағдайдағы жаңғырудың қазақстандық үлгісі» халықаралық парламенттік конференцияға қатысу үшін Қазақстанға келген Испания Корольдігі Сенаты Конституциялық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Хуан Хосе Лукас Хименеспен кездесті.

Дариға Назарбаева Испанияның сенаторымен кездесті

Әңгіме барысында екіжақты қатынастар және оны келешекте одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Испан сенаторы біздің еліміздегі демократиялық реформалар мен экономикалық жаңғырудың барысымен таныстырылды және оны жоғары бағалады.

Жүздесушілер екіжақты және көптарапты сипаттағы парламентаралық үнқатысуды нығайту жайында айтты. Х.Лукас Хименес қазақстандық сенаторларды өзара іс-қимылды үдету үшін Испанияға сапарлап келуге шақырды.

Д.Назарбаева Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымын өрістету қажеттігін атап өтті және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін испан тарапына алғыс айтты. «Жоғары мәртебелі Король Фелипе VI-ні көрменің құрметті қонағы ретінде қабылдау бізге зор мәртебе болды. Испания Ұлттық күнінің салтанатты ашылуына Депутаттар конгресінің Төрағасы А. Пастор қатысты. Бұл біздің қатынастарымыздың кезекті даму қадамы болып есептеледі», - деп атап өтті сенатор. ЭКСПО аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық IT-стартаптар технопаркі және БҰҰ аясындағы «Жасыл» технологияларды дамыту және инвестициялық жобалар орталығының жұмыс істейтіні туралы испан парламентшісі хабардар етілді.

Испания Сенаты Конституциялық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жасыл технологияларды дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.