Қазақстан • 29 Қараша, 2017

Жапондар спортшыларымыз жайында фильм түсіреді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапондық «Tokyo video center inc» компаниясының журналистері әлемдегі белгілі спортшылардың алдағы ХХІІІ Қысқы олимпиадаға дайындығы туралы сериялы фильмдер түсірмек. Олардың нысанасына алғашқылардың бірі болып оралдық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев іліккен. 

Жапондар спортшыларымыз жайында фильм түсіреді

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған қос қазақ ұланының спортшы ретінде өсу жолдары, қалыптасу кезеңі, мұзайдындағы жетістіктері туралы фильмді түсіруші Жапо­ния Ұлттық телеарнасы­ның режиссері Уно Сойчеро елімізде спорт саласына көрсетіле­тін мемлекеттік қамқорлық­қа таңданысын жасырмады. Өйткені шорт-трек – ең қымбат спорт түрлерінің бірінен саналады және ақылы болады. Ал Қазақстанда балалардың шорт-трекпен тегін айналысуына жағдай жасалған.

Шорт-тректен Қазақстан Ұлт­тық құрамасының бас жат­тық­тыру­шысы Мәдіғали Қар­сыбеков Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылдың 9-25 ақпаны аралы­ғында өтетін ХІІІ Қыс­қы олим­пиадаға қатысу үшін 9 ли­цен­зияға қол жеткенін айтады. Ерлер арасында 500 метрлік қашықтық­қа 3 лицензия, 1500 метрге – 1 лицензия болса, әйелдер құрамасы 500 метрге – 1, 1000 метрге – 2, 1500 метрге 2 жолдама ұтып алған.

Шорт-тректен алдағы олимпиадада Қазақстан намысын нақты қай спортшылар қорғайтыны 10 желтоқсан күні спорттың конькимен сырғанау түрлері бойынша Халықаралық федерация отырысында жарияланады.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ