Отандық бизнестің бағыт-бағдары мен оң-солы бағамдалды

Астана қаласында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев және Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты. 

Егемен Қазақстан
30.11.2017 20121
2

Онда палата төралқа­сының биылғы жұмыс­тарының есебі тыңдалып, кә­сіпкерлердің құқығын қорғау бағытында ат­қарылған шаруалар қорытындыланды. Сондай-ақ ке­лесі жылға ар­налған жұмыс жоспары мен бизнестің бәсекеге қабі­леттілігін арттыру бағдар­ламасын дайындау мәселесі талқыланды. Шара бары­сында «Атамекеннің» заң­на­маларды оңтайландыру,  мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру, мем­ле­кет-жекеменшік әріптестігін дамы­ту, кәсіпкерлерді қаржы­­лай емес қолдау, адами капиталды дамыту төңіре­гіндегі жұ­мыстары сараланып, кәсіп­керлік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арт­тыруға ба­ғыт­талған жаңа құ­ралдар ұсы­нылды.

Жиында төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев сөз сөйлеп, Үкіметпен бірлесіп атқарған нәтижелі жұмыстарды баяндады. «Атамекен» мен Үкімет осы жылы өңірлермен етене жұмыс істеді, бизнесті дамы­туға күш салды. Жергілікті ха­лық даму институттарына оң көзбен қарайды, деген­мен олар халықтың мұң-мұқ­тажын, қажеттілігін сезбейді. Бұл дегеніміз сыбайлас жем­қорлық тәуекелдердің барын көрсетеді. Шағын және ор­та бизнес өңірде дамуы керек», деген ол кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі де өзекті екенін айтты. Биыл «Ата­­мекен» бұл бағытта Бас про­­куратура, Жоғарғы сотпен жұмыс бастады. Ең көп өтінімдер салық саласында екен.

«Бұл үдеріске атсалысуы­мызды Жоғарғы сот та қол­дады. Өйткені біз олардың жұ­мысын жеңілдетіп отырмыз. Құқық қорғау органдарынан болатын қысымды 82 пайызға азайттық, 2015-2016 жылдары 7900 қылмыстық іс қоз­ғалса, биыл олардың саны 1400 болған, яғни қылмыстық іс саны айтарлықтай төмен­деді», деді төраға.

Тимур Құлыбаев отандық көлік құрастыру саласындағы проблемаларды әңгімеледі. Оның айтуынша, елімізде көлік бөлшектерін шығаратын өндірістер баршылық. Со­лар­дың жұмысын жандандыру қажет. «Шындығында қа­зір Қа­зақстанға шетелде өнді­рілген көлік бөлшек­тері жет­кі­зілгеннен кейін, өзімізді алдай бас­таймыз. Электр энергиясы, темір жол шы­ғын­дарын, коммуналдық төлемдер мен жұмысшы­лар­дың жалақысын есептейміз де, «міне, бұл – қазақстандық қам­ту» деп көрсетеміз. Пайыз­дық көрсеткішін де айқын­дап қоямыз. Жоқ, бұл – қа­зақ­стандық қамту емес, өзімізді алдау. Локализация жасау үшін көлік бөлшектерін өзіміз шығаруымыз қажет», деген Т.Құлыбаев Өзбекстанның көлік өндірісін мысалға келтірді. Бүгінде ол мемлекетте  шыны да, пластмасса да, қажетті бөлшектер де жа­салады. Ал Қазақстанда лока­лизация емес, көлік құрас­тыру ғана бар. Бұл машина жасау саласының даму көрсеткіші бола алмайды.

Ұйым жетекшісінің пайы­мынша, ауылшаруашылық техникасының локализациясын арттыру қажет. «Қазір аймақтарды аралағанда әрбір әкім комбайн шығарамын деп мақтанады. Бір өңірге барсаңыз бір модельді көр­се­теді, екінші өңір тағы бір моделін ұсынады, үшіншісі де өз моделін таныстырады. Ба­залық бір модельді шығар­сақ та, жетпей ме? Біреуін таң­дайық. Содан кейін оның қосымша бөлшектерін жасап, қызмет көрсету орта­лық­тарын ашқанымыз пайдалы», деді Т.Құлыбаев.

Бүгінде мемлекеттік са­тып алулардың жалпы кө­лемі 3,5 трлн теңгені құрап отыр. Оның үштен бір бөлігі – 1,5 трлн теңгесі құры­лыс саласына тиесілі. «Көп­ші­лік жерлерде құрылыс қауым­дастықтары, барлық компаниялар қатты демпингке тап болып жатырмыз деп шағымдануда. Олардың айтуынша, бағаны 74 пайызға, техникалық бақылауды 99 пайызға түсіріп тастайды. Мұ­ның барлығы әділ бәсеке­лес­тікке ғана емес, құрылыс нысандарының сапасына да кері әсерін тигізуде. Біздіңше, баға демпингін күштеп шек­теу керек. Мәсе­лен, жоба­лау-сметалық құжаттар мен құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасын 5 пайыздың айналасында, ал техникалық бақылауды 10 пайыз шама­сында белгілеген жөн», деді «Атамекен» ҰКП төр­аға­сының орынбасары Төлеміс Шотанов.

Қазіргі таңда бизнеспен айналысқысы келетін азаматтар нақты қай салада жеке кәсіп ашуды білмейді. Осыған байланысты «Атамекен» ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы ел экономикасын скринингтен өткізуді ұсынды. «Себебі же­ке бизнесін ашқысы келетін адамдар баршылық. Алайда олар нақты қандай кәсіпке сұраныстың барынан бейхабар. Сондықтан әрбір ай­мақ­тың экономикалық әлеуе­тін терең зерттеп, нақты мар­кетингтік талдау жасағаны­мыз жөн», деген төраға орын­басары кәсіпкерлердің мемлекеттік тапсырыс жүйе­сін өзгертуді ұсынып отыр­ғанын да мәлімдеді. Өйткені бұл салада ашықтық қағидаты сақталмайтын көрінеді. 

«Мемлекеттік тапсырыс нақты сұранысқа негізделуі тиіс. Ал сұранысты зерттеудің нәтижесінде білуге болады. Сондай-ақ біздің арнайы рейтингімізге сүйену керек», деді Т.Шотанов.

Отырыс барысында Қазақ­стан кәсiпкерлерiнiң құқығын қорғау жөнiндегi уәкiл Бо­лат Палымбетов Прези­дент тап­сыр­масының нәтиже бергенін айтты. «Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жол­дауларында биз­неске қысым жасалмауы керек­тігін баса айтады. Осы тапсырманың үдесі­нен шық­қанымыз қуантады. Мысалы, соңғы 2 жылда экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық iс 80 па­йызға азайды», деген ол ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Елбасы жариялаған рақымшылықтың арқасында 650-дей сотталған кәсiпкер бос­тандыққа шығып, экономикалық қызметіне орал­ғанын жеткізді. 

Уәкілдің мәліметінше, 2015 жылдан бері бизнесті қор­ғау бағытында 16 500-ден ас­там өтiнiш келiп түскен. Мұның 90 пайызы – жер­гiлiктi сипаттағы мәселе­лер. Сондықтан олар жергiлiк­тi дең­гейде шешiлуi тиіс. Де­ген­мен көшпелі формат­та кә­сiпкерлердi қабыл­дау тә­жi­ри­бесi одан әрi жал­ғас­пақ.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды

16.11.2018

Майқайың кентінде сатылатын жеке меншік 110 үй бар

16.11.2018

Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Тозған жерді тыңайтудың тиімді тәсілі

16.11.2018

Қазақтың қара есептері

16.11.2018

Диқандар неге басқа дақылды таңдауда?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу