Жазғы спорт • 30 Қараша, 2017

Қазақ күресі Конфедерация Кубогына қосылды

777 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Алматыда Конфедерация Кубогы 2-ші рет өткізілгелі отыр. Бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлерінен өткізілетін ерекше форматтағы жарысқа биыл төл спортымыз Қазақ күресі қосылды.

Қазақ күресі Конфедерация Кубогына қосылды

Желтоқсанның 1-і күні Қазақ күресінен клубтар арасындағы жарыстың іріктеу кезеңі өтеді, ал желтоқсанның 2-3 күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында іріктеуден өткен 4 команда Конфедерация Кубогінің аясында өзара жүлдегерлерлді анықтайды.

Осылайша, алматылықтарға ұлттық күрес өнері мен Олимпиада бағдарламасындағы 5 спорт түрі бойынша өтетін жарысты бір мезгілде тамашалауға мүмкіндік туып отыр. Жарыс 2-3 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде таңғы сағат 10:00-ден басталатын болады.