Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2017

Қарағанды облысында қара бекіре уылдырықтары өндіріледі

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Үштөбе ауылында орналасқан «Караганда-Осетр» кәсіпорны жаңа бағыт – уылдырық өндірісін дамытуды көздеп отыр. 

Қарағанды облысында қара бекіре уылдырықтары өндіріледі

Отандық қара уылдырық 2019 жылы сатылымға шығарылады деп жоспарлануда. Өнім Қарағанды мен Астана нарығына шығады, деп хабарлайды Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Бекіре балықтарды өсірудің екі бағыты бар: тауарлық және уылдырық өнідірісі. Біз өз ісімізде жаңа бастамашылар болғанда бірінші бағытты таңдадық. Бүгінгі таңда біздің көрсеткіштеріміз жақсы, енді уылдырық өндірісіне ауысуға ыңғайлы факторлар қалыптасып жатыр, - деді кәсіпорын жетекшісі Дмитрий Әбілдин.

Оның айтуынша кәсіпорынға беделді ресейлік балық өсірушілер баға берген. Кәсіпкер қазіргі таңда қазақстандық нарықтағы барлық қара уылдырық шет елден жеткізілген. Қарағандылық кәсіпорын болса өнімдерін «Қазақстанда жасалған» маркасымен шығаруды көздеп отыр. Сапасы жоғары бұл өнімді анағұрлым қолжетімді ету жоспары да бар.

- Импорттық өнімдермен салыстырғанда біздің бағаларымыз 30-40 пайызға арзанырақ болады деп ойламын. 2019  жылы біз бекіре балықтың қара уылдырығын біз Қарағанды және Астана нарығына, жәнеде мүмкін Алматыға да жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Шет елдік қонақтар біздің отандық уылдырығымызды өз елдеріне алып баруға мүмкіндік жасау үшін Қазақстанның халықаралық әуежайларына шығуға тырысамыз, - деп бөлісті жоспарларымен кәсіпорын жетекшісі.

Бекіре фермасының мамандары уылдырықты «сауу» әдісімен жинайды. Жаңа бағытты дамыту үшін кәсіпорын арнайы түрде халықаралық технологтарды жұмылдырмақ.

Жобалық қуатылығы – жылына 500-1000 килограмм уылдырық.

Тауарлық бекіре балық өсіру бойынша жобалық қуаттылық жылына 45 мың тоннаны құрайды. ЖСҚ – жабық сумен қамту құрылысы технологиясы пайдаланылады. Жергілікті өнім Қарағанды және Астананың ресторандары және супермаркеттерімен сұранысқа ие.

Бекіре шаруашылығы жобасын жүзеге асыру 2013 жылы басталды. 2015 жылы латвиялық мамандармен жасалған ферма іске қосылды. Жоба құны 583,7 млн теңге.