Теннис • 04 Желтоқсан, 2017

Теннис федерациясы 2017 жылды қорытындылады

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясы бүгін 2017 жылды қорытындылап, жыл үздіктерін марапаттады. Алқалы жиынға федерация басшысы Болат Өтемұратовтың өзі қатысты.

Теннис федерациясы 2017 жылды қорытындылады

Теннис федерациясы мына аталым бойынша 2017 жылдың үздіктерді анықтаған. Олар: «12 жасқа дейінгі үздік ойыншы, «14 жасқа дейінгі үздік ойыншы», «12 жасқа дейінгі спортшылардың үздік бапкері», «14 жасқа дейінгі спортшылардың үздік бапкері», «14 жастан жоғары спортшылардың үздік бапкері» және тағы басқа бірнеше аталым бойынша жыл бойы үздік өнер көрсеткен спортшыларға сыйлықтар табысталды.

Жыл қорытындысы соңында федерация басшысы Болат Өтемұратов өз пікірін білдірді. «Биыл біз 10 жылдығымызды тойладық. Осы уақыт аралығында ауыз толтырып айтатын біраз жетістіктеріміз болды. Сондай-ақ, теннис спортын дамыту мақсатында бірқатар маңызды іс-шаралар өткіздік. Атап айтар болсақ, инфрақұрылымды дамыттық, бапкерлердің біліктілігін арттырдық және бірқатар маңызды халықаралық жарыстар өткіздік. Теннистің дамуы осы үш мәселеге келіп тірелетіні баршаңызға белгілі», деді ол.