Бағадағы бассыздық

Баяғыда бір апамыздың «Қой көрмесек те ешкілі байдың қызы едік» дегеніндей, бұрын нарық, нарықтық қатынастар дегенді әлемдік макроэкономикалық оқу­лықтардан ғана білетінбіз. Ал мына жалғанда өзгермейтін еш­теңе жоқтығының ақиқат екен­дігіне тәуелсіздік алғанда анық көзіміз жетті.

Егемен Қазақстан
05.12.2017 129
2

Нарықтық қатынастар өмірдің барлық бейнесіне, тіпті адамдық аралас-құраластықтың өзіне өзгеріс енгізген. Бұрын ауылда көрші хақысы ретінде ағайындықпен жасалатын шөп әкелуге, көмір түсіруге көмектесу, бір жаққа алып барып, алып келу деген қолқайыр, жалпы, көмек атаулының да өзі­нің бағасы анықталып қалды. Қа­ладағы өмірде екібастан әр нәр­сенің кесімді бағасы бар. Бірақ сол кесімді баға сізбен кәдімгідей ойнайды. Кейде тіпті жүйкеңізге тиеді.

Көлігім жоқ болғандықтан базардан алған азық-түлігімді үйге жеткізудегі таксиден көретін «қы­зығым» көп, дейді бір танысым. Тұрақты тұтынушы болған соң олар да әбден танып алған. Лып ете қалып 4 аялдама шамасындағы үйіме 500 теңгеге әкеліп тастайды. Бұл жұмыс күндері болатын жайт. Ал сенбі, жексенбі күндері әлгі жігіттердің бағасы өзгереді. Енді менен 1000 теңге алады және ешбір мәмілесіз 500 теңгеден тағы бірнеше адамды алады. Содан ең болмаса 1000 теңге алып отырған мені бірінші апарып тастаса құп-ақ қой, жоқ біз шарлап сол жағалауға да өтіп кетіп, одан тағы бір мекенжайға барып үйге әзер келеміз. Жүйкең жұқармай ма? Жұқарады. Айтсаң, әпке, ия қарындас, енді бос кетпейін, күнделікті нәпақамның үстіне осы сенбі-жексенбіде тиын-тебенімді еселемесем болмайды, неге түсін­бейсіз, деп өзіңе бас салады.

Өткен жолы кезекті бір баспасөз мәс­лихатынан шыққан соң такси ұстағанмын. «Регионға» қарасты таксидің таксометрі отыр­ғаным үшін 400 теңгені бірден ұрған. Содан әр шақырым сайын 80 теңгеден жиналып, аяғында үйіме 1200 теңгеге алып келді. Сіз таксометр тұрғандықтан жүрген шақырымға ғана неге алмайсыз, тек отырғаны үшін 400 теңге ақы талап ету томпақ екен», дегенде, сіз мұны маған емес, қалалық әкімдікке айтыңыз. Қызмет көрсетуімізге осындай тариф енгізілген, біздікі қайта құдайына қараған баға. Әрбір отырғызғанға 600-800, тіпті одан артық алатындары, әрбір шақырым үшін 120 теңге белгілейтіні де бар. Сондықтан біздікі белгіленген бағамен қызмет көрсету. Әрине халыққа қиын екенін түсінеміз, бірақ біз ойымыздан шығарған баға емес», деді.

Содан елордадағы такси қыз­метінің бағасын білуге ден қойдым. Рас, баға сан-алуан. Мәселен, тек отырғаныңыз үшін 500 теңгеден 1500-ге дейін алатыны да, әр шақырымына 50 теңгеден бастап 100 теңгеден, тіпті одан да көп соғатын таксометрлері бар такси қызметтері де қала көшелерінде жөңкіліп жүр. Диспетчерлерге қала ішіндегі бір ғана қашықтыққа барудың қанша болатынын есептеп беруін сұрап білгенімде, ең арзаны 600 теңге, қымбаты 1000 теңгеге дейін барды. Арадағы айырма 400 теңгені құрайды екен.

Америка, Еуропа, Азияның көп­теген елдерінде болып, такси қызметіне жүгінгеніміз бар. Салонның ішіне енгеніңіз үшін ғана ақы алуды еш жерден кездес­тірмеппіз. Жазда ЭКСПО-ға келген туристі әуежайдан қалаға жет­кіземін деп қалтасын қаққан такси жүргізушісі жөнінде әлеуметтік желілердің бетінде ел шулап кеткен-тін. Ал күнделікті өмірде жүгенсіз бағадан қала тұрғындары қаншама тиынынан қағылуда? Көлік кіргенің үшін жон теріңді сыпырғандай сыдырып тұрып теңге алса, не болғаны сонда?

Бұл күнде бағадағы бассыздықтан аяқ алып жүре алмайсыз. Нарықтың да мәдениеті, белгілі реттеушісі болуы керек емес пе?! Төбеге қарап тұрып бағаны «қалтадан алып» қоя салудың жойдасыз түрі өршіп барады. Қарапайым халықтың жүйкесін жеп, қалтасын «тесік» еткен жабайы нарықтан мәдениеті бар, иманды нарыққа қашан қол жетеді екен?..

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу