Президент • 06 Желтоқсан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады akorda.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер биылғы 2 желтоқсанда Астанада екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қырғызстан Президенті күшейтілген шекаралық бақылаудың алынып, Қазақстан-Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режімге көшірілгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.