Біздің заманның кемеңгері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  Алматы облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2017» сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Әр түрлі салада табанды еңбек етіп,  жетістікке жеткен жас талант иелерін облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Егемен Қазақстан
07.12.2017 5475

Қатысушылар «Жас журналист», «Үздік студент», «Жас ғалым», «Жас әскери қызметкер», «Үздік жас отбасы», «Жас дәрігер», «Жас өнерпаз», «Жас мемлекеттік қызметкер», «Жас ұстаз», «Жас кәсіпкер», «Үздік ауыл шаруашылық маманы», «Жас спортшы», «Жас батыр» сынды 17  номинация бойынша марапатталды.  Қуаныштысы, Сулейман Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Ермек Тоқтаров «Үздік жас ғалым» атанып, арнайы дипломмен қаржылай сертификатқа ие болды.

Бұл көшбасшылар жеке тұлға ретінде және кәсіби жетістіктерімен  өзгелерге үлгі боларлықтай біздің заманның жаңа батырлары. Бұлардың марапатқа лайық еңбектері ел ертеңі үшін биік белестерді бағындыруға жол ашатын нақты тірек, - деп атап өтті облыс әкімі сыйлықтарды табыстай отырып.  

Айта кеткен жөн, Ермек Тоқтаровтың  өзі қарапайымдылық танытып, елімізде бұдан да биік дәрежеге ие талантты жастар көп деген пікірде. Жас ғалым өзіне табысталған марапатты – таңдаған саласы бойынша табанды еңбекті әрі қарай жалғастыру үшін артылған үлкен сенім деп түсінеді.

Ермек Тоқтаров Павлодар қаласының тумасы, қарапайым отбасынан шыққан.  Айтуынша, білімге деген құштарлығы 40 жыл мектепте тәлім берген нағашы әжесінен дарыған қасиет. Жас ғалым 2016 жылы «Қазақстандықтардың ұлттық сәйкестігін трансформациялаудағы ғаламтордың ролі» тақырыбында диссертациясын қорғаған. Ғалымның айтуынша, зерттеу мен әлеуметтік-философиялық талдау барысында отандық ғылым мен шетелдік ғылымда әлі күнге дейін шешімін таппаған көптеген тың дүниелер табылған. Өзінің ғылыми жұмысында Ермек заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен виртуалдық шынайылық ұлттық сәйкестікті қалай қалыптастырады деген сұрақтарды зерттеген.  Оның пікірінше, елімізде виртуалды қарым-қатынас жаңадан қалыптасып, коммуникативтік тәжірибе виртуалды түрге көшуде. Айта кеткен жөн, Ермектің 2013 жылы басталған ғылыми жұмысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарық көрген ұлттық бірегейлікті сақтау идеясымен сәйкес келіп, бүгінгі күн тәртібінде кеңінен талқыға салынған өзекті сұрақтардың бірі болып табылады.

- Жалпы, кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте ұлттық саясатттың сұрақтары ерекше маңызды болып, ұлттық даму кезеңінен өтіп, өз бетінеше мемлекет құрып келе жатқан елдерге  ғана емес, сонымен қоса Орталық Азия елдеріндегі жағдайды бақылап отырған халықаралық қауымдастықтың да ерекше назарында, - деп түйіндейді  Ермек Токтаров.

Жас ғалым аталмыш тақырыпты саясаттанушы, дінтанушы, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы әріптестерінің қатысуымен өткен түрлі кәсіби алаңдарда көтеріп,  бірқатар жағымды пікірлерге ие болған. Ермектің айтуынша, Қазақстанның жас ғалымдары ғылыми салада дами алатын зор мүмкіндікке ие. 

- Шын мәнінде шетелдік мақалаларды оқи отырып, қандай да бір бірегей жаңалықтарды көрмеймін, негізінде олар қарапайым зерттеулер ғана.  Ондай ғылыми жұмыстарды біздің ғалымдар да жасап жүр. Егер де біз бұған көбірек көңіл аударып, оны ағылшын тілінде жазатын болсақ, біздің ғылыми еңбектеріміз шетелдік ғалымдардың жұмысынан артық болмаса, еш кем емес. Бізде әлемдік деңгейде тың жаңалықтар ашатын көптеген таланттар бар. СДУ-да бұл үшін жан-жақты жағдай жасалған және оқу орнының басшылығы көрсетіп отырған қолдауына зор алғысымды білдіремін, - дейді Тоқтаров.

Бүгінгі таңда Ермек Тоқтаров ең жас философия ғылымдарының докторы, Phd маманы, 19 ғылыми мақаланың авторы (оның 6 - шетелдік, 13 – отандық). Ғалым алдағы уақытта бірегей ғылыми зерттеулер жүргізіп, шетелдік жоғары рейтингтегі баспраларға еңбектерін жариялап, сонымен қоса ғылыми саланың менеджментін игеруді көздеп отыр. Білім ордамызда ғалым құқық және әлеуметтік ғалымдар факультетінде   философияның және саясаттанудың жалпы курстарынан сабақ береді.  Оның пікірінше ғалымға біріншіден дәріс беру, білген-түйгенін жадында сақтауға, жаңа мүмкіндіктер  ашып, әрі жастарға ғылымның соңғы жаңалықтарын жеткізуге зор мүмкіндік береді. СДУ студенттеріне және барлық қазақ жастарына Ермек Тоқтаров өз күштеріне сеніп, аянбай еңбек етіп, тек ғана алға ұмтылуды тілейді.    

Сандаған жылдар бойы кемеңгерліктің тылсым жұмбағының шешіміне  ғалымдардың бірнеше ұрпағы жауап іздеуде. Біреулері тұқым ерекшелігімен байланыстырса, екіншілері дарындылық біліммен келеді дейді. Ал өзгелері болса «кемеңгер болып туылады» деген ұстанымда. Ал біз қазіргі заманның кемеңгерлері ортамызда деп зор мақтанышпен айта аламыз, олар қоғамның дамуына үлес қосып, биік белестерді бағындырып, отандық ғылымды кеңінен насихаттап жүр.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу