Астана мен Алматы арасында «222»-нің азабы бар

Көлігінің доңғалағы тақтайдай асфальт жолға түскенде көңілінің дом­бырасы күй ойнап қоя беретін жүр­гізушінің жайын кім ұғар, шіркін?! Бұл жұмыр басты пендеңіз жыл­дамдыққа неге сонша құмар болды екен?! Ат жалын ұстап желмен жа­рыс­қан ата-бабадан жұққан, қанға сің­ген қасиет-ау, пай-пай... 

Егемен Қазақстан
08.12.2017 201
2

Кеңестік жолдың азабын кереметтей тартқан ұрпақ кейде айналаға бір көз тастап, бүгінгі күнге мың тәубе айтады. 90-жылдардағы Алматының Төлеби (Комсомол) көшесінің бір қиырынан екінші қиырына жүріп өткен автомобиль иесі не доңғалақтың майысқан дискісін түзеп, не жарылған шинасын жамап, жабырқайтынын ұмытты бүгін, сенесіз бе?! Түске дейін Таразға, асығып шықсақ кешке дейін Астанаға жетеміз. Жолдың жақсы болғаны!.. Таң бозындағы Алматының кептелісіне ұрынбай шыққан жеңіл көлікті жолау­шы жаздыгүні шілдеде, тіпті жолай Балқаштың тұнығына бір сүңгіп алып, қас-қарая Астанаға жетіп жығылады. Тамаша емес пе!? Әттең... иә, осы арада айтпасқа болмас бір «гәп» бар-ды! 

Астананы бетке алып, күре жолға қалқып түскен жолаушының Алматыдан 100 шақырым ұзап шықпай-ақ «көңіл-күйі» нілдей бұзылады. Оған себеп Күртіден басталатын «өзіміздің» ке­ңестік жол. Күннің қызуынан шодырайып шығып, ызғарынан тасемен боп қатқан асфальт төмпешіктер ойдым-ойдым шұңқырларға жалғасады. Зымыранмен жарысқан жылдамдық әп-сәтте көзден бұл-бұл ұшады. Ен­ді осы шоқалақпен 222 шақырым жүруге мәжбүрсіз! «Итшілеп» Бурыл­байталға жетіп, даңғылға қайта тү­сесіз. Әрине, «аман» өтсеңіз, әлгі жол азабы түс көргендей боп қалады. Шіркін, қайта оралған жылдамдық! Астанадан қайтқанда да осы оқиға... Мың шақырымды артқа тастап Бурыл­байталға тұмсық тірегенде заңмен бекітілген жылдамдықты сағатына 30 шақырымға дейін тежейсіз. Көлігіңізді аяғаннан ғана, алтын уақытты сарп етіп, көнесіз! Содан Күртіге жетіп, негізгі магистральға іліккенде, алда – Алматы, әлгі күйзелістің бәрі қайтадан ұмытылады... Алматы мен Астана ара­лығындағы 222 шақырымның әдейі ойластырылмаған бар сиқырлы сыры сонда! Бәрін де бастан кешкен куәгер ретінде жауапкершілікпен мынаны мәлімдеймін: күре жол соно-оу 2001, 2003 жылдары күрделі жөндеуден өткен. Ресми расталған мәлімет бойынша, 1213 шақырым сол кезде заманға лайықтап жөнделген. Бірақ, қас қылғандай, аралықтағы 222 шақырым ұмыт қалған. Ол жағы осы күнге дейін беймәлім! Іздеуші-сұраушысы болмаған?! Биылғы жазда алматылық «зардап шегуші» бизнесмен Бейбіт Әлібеков «222» туралы әлеуметтік желідегі «Меніңше, мұндай дәу шұңқырлар Алматының кәріздерінде де кездеспейді» деп күйініп жазды. 15 жылдық жол азабының ең зор теңеуі осы болды-ау деймін!

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағ­дарламасы бойынша таяуда еліміз бойынша жалпы ұзындығы 4,4 мың километрлік 22 автомобиль жолы жобасы жүзеге аспақ. Ол туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады. Таңданбаңыз. Бұл экономикасы қарыштаған Қазақстанның көлік-логистикалық шарттарының бір бөлшегі ғана. Алайда, әңгіме тікелей автомобиль жолдарына қатысты бол­ғандықтан министр сөзі қоғамдық барлық көлік пайдаланушылар саласын – қалааралық автобус жүргізушілер мен inDriver такси желісіндегі ешбір делдалсыз сервистік қызмет көрсететін жүргізушілерді, Астана мен Алматы арасындағы белгілі осынау қашықтықта сан рет жол азабын тартқан жекеменшік көлік иелерін елең еткізді. Елең еткізгені министрдің жоспардағы шақырымдары емес, «Оңтүстік-Орталық жобасы Бурылбайтал мен Күрті арасындағы 228 шақырым пайдалануға беріледі. Оған Дүниежүзілік және Еуропалық банк қаржы бөледі» деген сөзі еді. Әр шақырымын ұмытпай жадымызда ұстаған есеп бойынша бұл аралық 222 шақырым еді, министрлік жол аялдамалары мен бұрылыс-қиылыстарын есепке қосқан шығар деп түйдік. Ең бастысы, жыры көп «222», әйтеуір, назарға ілініпті! 

...Көлігінің доңғалағы тақтайдай тегіс бетон жолға түскенде көңілінің домбырасы күй ойнап қоя беретін жүр­гізушінің жайын кім ұғар, шіркін?! Байқадыңыздар ма, бұл жолы «асфальт» сөзін «бетонмен» алмастырдық. Ендігі әңгіме «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралі туралы. Алматы – Тараз аралығындағы Қордай асуы мен әрідегі Күйік асуының ой-қыратына бетоныңыз тиімсіз боп шықты. Әсіресе, қыстың күні. Екінші тармағының құрылысы аяқталып бітпеген аталмыш көлік магистралінде бетон үстіне қазір шақтап-шақтап асфальт төселуде. Неге? Жауабы – келесі жолғы бағанда...

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу