Бизнес • 08 Желтоқсан, 2017

Қазақстан-Венгрия қоры инвестиция салады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Қазақстан-Венгрия инвестиция қоры Ақмола облысындағы сүт фермасына инвестиция салмақ. Жуырда Астанада өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында осы жобаға қатысты меморандумға қол қойылды. 

Қазақстан-Венгрия қоры инвестиция салады

Меморандум бойынша инвестициялық қор Aina Holdings B.V.  бірлескен компаниясын құруды, сонымен қатар 1 500  басқа дейін ірі қара мал ұстайтын, жылына 4 000 тонна сүт өнімдерін шығаратын фермасы бар  «Айна» сүт фермасы» компаниясын сатып алуды жос­парлап отыр. Компанияны дамыту жөніндегі жоба аясында ферманың жұмыс қуатын арттырып, табиғи сүт өндірісін ұлғайту үшін  Венгриядан асыл тұқымды мал сатып алынбақ. 

«ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтқандай, елдің аграрлық секторына инвестиция тартудың осындай тәсіліне шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отыр екен. Биыл Қазақстан-Венгрия қоры голландиялық FoodVentures компания­сымен және қазақстандық «Green Capital Kazakhstan» компаниясымен бірлесіп Ақтөбе облысында 20 гектарға созылып жатқан жылыжай кешенін салуға 12 миллион доллар инвестиция салғанын айта кетейік.

Қазақстан-Венгрия қорын 2015 жылы ел Үкіметінің тапсырмасы бойынша венгриялық HungarianExport-ImportBank компаниясы мен қазақстандық «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі бірлесе отырып құрған болатын. Оның мақсаты Қазақстанда ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру болып табылады. 

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»