Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2017

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ЖОО-мен телекөпір өткізді

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас­ жем­­­қорлыққа қарсы іс қи­мыл­ агенттігі білім бе­ру са­ла­­сындағы сыбайлас жем­қор­лықтың алдын алу бойын­ша кең ауқымды мемлекеттік саясат жүргізуде. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ЖОО-мен телекөпір өткізді

Таяуда аталған агенттік «Назарбаев Университеті» ААҚ-мен бірлесіп Қазақстан Рес­публикасының барлық ЖОО-да телекөпір өткізген бо­латын. Шара барысында Қа­зақстанның бар­лық мектеп­терінде, колледж­дерін­де, жоға­р­ғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай акция өткізу жө­ніндегі бас­тама жарияланды. 

Осыған орай Білім және ғылым министрлігінің қол­дауы­мен бүкіл ел бойынша «Сы­бай­лас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» акция­сы өт­кізілді.

Шараға сәйкес, Қарағанды мем­лекеттік техникалық уни­вер­ситетінің базасында Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қара­ғанды облысы бойынша депар­таментінің қызметкерлері семинар өткізді. Оның барысында аса өзекті деген мәсе­лелер қаралып, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы заңнамаға түсінік берілді. 

Жиында Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Әкім Сақтапберген 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы стратегияның негізгі қағи­даларын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсінді­ру және жүзеге асыру бо­йын­ша жүргізіліп жатқан жан-жақ­ты жұмыс туралы баяндама жасады. Одан бөлек, мем­лекеттік қызметтегі әрі тұр­мыстық деңгейдегі сыбайлас жем­қорлық көріністерімен кү­ресу нәтижелері туралы қы­зық­ты статистикалық деректер келтірді. Әсіресе жоғары оқу орындарындағы студенттер мен оқытушылардың оқу бары­сындағы өзара қарым-қаты­нас этикасына қатысты туындай­тын мәселелер мен болуы мүм­кін құқық бұзушылықтарға сту­денттердің назарын аударды. 

Қарағанды облысы бойынша акцияға 300-ге жуық студент пен оқытушы қатысты.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы