Президент • 11 Желтоқсан, 2017

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Өкімімен бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

Жанат Қуанышұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Марат Ғанұлы Демеуов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен;

Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.