Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017

Баянауылда Мырзашоқы тау шаңғы кешені салынуда

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінде облыстық денешынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Марат Айдашевтің жылдық есебін тыңдаған облыс әкімі Болат Бақауов  тау шаңғысы кешенінің жұмысын алдағы 15-20 күннің ішінде аяқтауды тапсырды. 

Баянауылда Мырзашоқы тау шаңғы кешені салынуда

Ал басқарманың есебінше, қарды тығыздауға арналған шетелдік техника, басқа қажетті құрылғылар енді ғана сатып алыныпты. Мырзашоқы Қаражар ауылы маңында. Жазда Түркиядан орындықтары бар арқан жолы әкелініп, құрастырылды. Биіктігі бір шақырымды құрайтын таудан 800 метр төменге қарай сырғанайтын арнайы жол салынуда. Болат Бақауов  шаңғы  кешенін салуға қаржы табылды, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындадық, халыққа уәде бердік. Шаңғы базасы биыл қысқа дайын болуы керек, -деген –ді Баянауылға сапар барысында.  Жоба-Баянауыл ауданындағы туризмді дамытудың бас жоспарына енгізілген.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше өңірде 2017-2019 жылдарға арналған «Дене шынықтыру және спорт саласын дамыту» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін негізгі 5 бағыт бойынша жоспар жасалынған. Біріншіден, спорттық инфрақұрылымдарды дамыту, одан кейін кадрлық әлеуетті көтеру, балалар-жасөспірімдер спорттық мекемелер желісін ашу. Жалпы бұқаралық спорт түрлерін  және спорттық жетістіктерді көбейту. Алдағы жылдары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыс орталығында Олимпиадалық дайындау орталығының, Жабық жеңіл атлетика және Футбол алаңының құрылысы жоспарлануда.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар