Үкімет • 12 Желтоқсан, 2017

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

509 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігінде бейнеконференция байланысы режімінде облыс әкімдіктерінің қатысуымен Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен жиын өтті. 

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Жиында облыс өкілдерімен бірге 11 айдың қорытындысы бо­йын­ша жоспарланған көрсеткіш­терге қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, биылғы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 3,9 трлн теңгені құрады. Нақты индекс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 102,3% болды, жылдық жоспарда 102,5%. Қыр­күйек және қазан айларында сәй­кесінше 1,9 % және 2,1%-ға арт­ты.

Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, ағымдағы жыл­дың басында әр аумақ бойын­ша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты индекс көле­мі есебінің болжамды дерек­терін дайындады. Сонымен қатар министрлік ай сайын әкім­дік­тердің қатысуымен жоспарлан­ған көрсеткіштерге қол жет­кізу бойынша селек­тор­лық жиын өткізіп тұрады. Соның нә­тижесінде 11 айдың қорытын­дысы бойынша нақты индекс көлемінің артуы күтілуде.

Сонымен қатар, жиын барысында ауыл шаруашылығы жер­лерін әртараптандыру, осы жылы жиналған егінді өткізу, өңдеуші зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері қарас­тырылды.

Майлы дақылдар, мал азығы дақылдарынан келіп түсетін пайда туралы айтылды.

Ауыл шаруашылығы коо­перативтерін дамыту мәселесіне келетін болсақ, 2017 жылдың 8 жел­тоқсанындағы көрсеткіш бойынша республика көлемінде 777 ауыл шаруашылығы коо­перативі тіркелген немесе 166% жоспардан артық орындалған. Оның ішінде: 272 АШК-нің сүт қабылдау бекеті, 377 АШК-нің мал сою бекеті, 76 АШК-нің жеміс-көкөніс дайындау бекеті, 19 АШК-нің қой сою және жүн дайын­дау бекеті бар, 3 АШК араларды өсіру және балды өндіру мен қап­тау, 13 АШК құсты өсіру мен сою, 8 АШК қарқынды бақша­лық, 5 АШК түйе сүтін өнді­ру және қайта өңдеу, 4 АШК тауар­лы балық өсірумен айналыса­ды, сондай-ақ 114 615 ірі қара мал басына арналған 7 102 от­басылық бордақылау алаңы құ­рылды. 83,2 мың ЖҚШ және ШФҚ тартылды.

Кооперативтер 103,2 мың тонна сүт, 16,6 мың тонна ет, 28,1 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 162 тонна бал, 31 тонна ешкі сүті, 45,2 мың дана жұмыртқа өндірді.

9,3 мың жаңа жоба қаржылан­дырылып, 8723 жеке кәсіпкер тіркелді және 13,7 мың жұмыс орны ашылды.

2018 жылы кооперативке тартылғандар санын 200 мыңға жеткізу, сонымен қатар 115 мың басқа отбасылық бордақылау алаңын құру жоспарланып отыр. Етті дайындауды 28 мың тоннаға, сүтті 130,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Жиын барысында 2018 жылғы көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы да сөз болды. 2018 жылғы көктемгі егістік жұмыстарын несиелеуге өтінім беру басталды.

А.Мырзахметов жиын со­ңында алға қойған межеге жету үшін облыс әкімдеріне қаралған мәселелерде бірігіп жұмыс іс­теуді күшейту керек екенін баса айтып, нақты тапсырмалар берді.

«Егемен-ақпарат»