Хоккей • 12 Желтоқсан, 2017

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында «Трактор» және ЦСКА-дан ұтылды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынын Мәскеуде ЦСКА командасына қарсы өткізіп, ойсырай ұтылды. 

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында «Трактор» және ЦСКА-дан ұтылды

Қорытынды есеп 4-1. Елорда ұжымының жеңіске жетуі жанкүйерлерге арман болып қалды. Екі күн бұрын Челябіде «Трактор» «Барысты» тас-талқан етіп жеңді. Енді, міне, ЦСКА хоккейшілерімізге еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл армияшылардың қатарынан 11 жеңісі Ал біздің жеңіссіз сериясына етіміз үйреніп қалды.

Бұл ойында айдын иелері құрамынан Константин Окулов, Максим Шалунов, Валерий Ничушкин, Сергей Шумаковтар гол соқса, «Барыс» қорғаушысы Алексей Маклюков мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, «Барыс»  соңғы он ойынның тоғызында жеңіліске ұшырап, Евгений Корешковтың шәкірттері 60 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтады.

Келесі кездесуін елорданың командасы 18 желтоқсан күні Братиславада Батыс конференциясында соңғы орындардың бірінде келе жатқан жергілікті «Слован» командасымен өткізеді.

 

Еркебұлан Жомарт

«Егемен Қазақстан»