Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017

Солтүстік Қазақстанда жастар форумы өтті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ашық диалог алаңында солтүстікқазақстандық жастар елге және облысқа танымал тұлғалармен кездесіп, кеңінен әңгімелесті.

Солтүстік Қазақстанда жастар форумы өтті

Меймандардың арасында билікте жүргендер де болды. Солардың біріт – облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет жастарды белсенді болуға шақырды.

Елімізде шет ел тілдерін меңгергендерге, "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алғандарға жол ашық. Бұл туралы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов кеңінен айтты. Ол аталмыш  бағдарлама аясында АҚШ-та білім алған. Мемлекеттік тілді де жақсы игерген.

Кездесуге Қазақстанға  танымал спортшылар да келді. Бүгінде есімі дүние жүзіне  белгілі палуан Сергей Цырульников 4 рет әлемдік рекорд орнатқан.  Бұл жолы  Астанадан салмағы 34 келі тартатын қылыш әкеліпті. Дәл осындай қаруды қазақ батырлары жауға шапқанда қолданған, дейді ол.

Ашық диалог алаңына  жиналғандар "Street Workout" өнерін де тамашалай алды. Бұл спорт түрі  өңірімізде кең  қанат жайып келеді.

Форумда  өз салалары бойынша  жарқырап көзге түскен жас азаматтар 10 аталым бойынша марапатталды.  Мәселен, "Жас спортшы" аталымына еркін күрестен еліміздің  үш дүркін чемпионы Индира Наурызбаева ие болды. Қазір ол жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Салтанатты шара барысында жас тілшілер мен мұғалімдер, әскери қызметкерлердің еңбегі де бағаланды.

«Пікірталас алаңдарында жастарды мазалап жүрген көптеген мәселелер  сұрақтар қозғалды. Оларды  баспанамен, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жайы көбірек толғантады», дейді «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ-ның жетекшісі Абылайхан Қайролла. .

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.