Үкімет • 13 Желтоқсан, 2017

Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі қаралды

429 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 11 айдағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі қаралды.

Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі қаралды

Ұлттық экономика ми­нис­трі Тимур Сүлей­ме­нов осы жылдың қаңтар-қараша айлар­ында инфляциялық үдеріс­тердің тұрақтануы мен ин­вес­­ти­циялық белсенділіктің жеделдеуі тұрғы­сынан, сон­дай-ақ барлық негізгі сектор­лардағы жағдайдың жақсаруы нәтижесінде экономика өсімі 3,9 пайызды құрағанын айтты.

Министр атап өткендей, негіз­гі капиталға салынған ин­вес­ти­ция­лардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыс­тыр­ғанда 2,8 есеге өсіп, 5,7 пайызды көр­­сетті. Жыл басынан бері жыл­дық инф­ляция деңгейі белгіленген дәлізде, яғ­ни 6-8 пайыз болды және қарашаның қорытындысы бойынша 7,3 пайызды құрады.
Алты негізгі саланың нақ­ты секторында, сондай-ақ өнер­кәсіп, көлік және байланыс саласында ең көп өсу бай­қал­ған. Кен өндірісінде мұ­най мен табиғи газ өндірудің екі еселенген өсуіне байла­нысты 9,6 пайыз өсім белгіленген.

«Өңдеу өнеркәсібі өсі­мі­нің драйверлері фармацев­тика өнімдері, жиһаз шығару, же­ңіл және металлургия өнер­кәсібі, мұнай өңдеу өнім­дері, азық-түлік және сусын­дар, сондай-ақ машина жасау саласы болды. Ауыл шаруа­шы­лығында өсім осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларын­дағы 1,9 пайыздан, 11 айдың қо­ры­тындысы бойынша 2,3 пайыз­ға дейін өсті», деді министр.
Т.Сүлейменовтің айтуынша, экономиканың нақты сек­торындағы іскерлік белсен­ділік, са­бақтас салаларға сұ­ра­ныс тудыра отырып, қызмет көрсету секторының өсуін ынталандырған. Биыл қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,7 пайызға артып, 7,5 трлн теңгеге жеткен. Инвестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына, саудаға, құрылыс пен өнер­кә­сіпке бағытталды. 10 айда им­порттың өсуінен экспорт­тың өсуінің екі есе көп болуы нәтижесінде сауда теңге­рі­мінің сальдосы 71,7 пайыз­ға өскен. Сондай-ақ сауда тең­герімі өңделген өнімд­ерді экспорттауды арттыру есебінен де жақсарған. Тұтастай алған­да, елдің сыртқы сауда айналымы 25,6 пайызға артып, 62,1 млрд долларды құраған. 
Қорытынды көрсеткіштер жайында сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақы­шев та қосымша баяндады. 

Ал Қаржы министрі Ба­қыт Сұл­та­нов өз ке­зе­гінде биыл­ғы жылдың 11 айын­­да бюджеттің барлық деңгейін­де өсім қарқынының тұрақты­лығы қамта­масыз етілгенін атап өтті. Министр­­ліктің дере­гіне сүйенсек, биыл қаң­­тар-қараша айларында кіріс бір жыл бұрынғымен салыс­тыр­ғанда 520 млрд теңгеге артығымен түскен. Мемле­кет­тік бюджетке түскен кіріс 6,3 трлн теңге көлемінде бол­ды. Мемлекеттік бюджет бо­йынша асыра орындау со­масы 153 млрд теңгені құрады. Жалпы алғанда, мем­лекет­тік бюджеттің кірісі 102,5 пайыз­ға, республикалық деңгейде 101,6 пайызға, жергілікті дең­гейде 104,5 пайызға орын­далды. Сонымен қатар респуб­ликалық бюджеттің шы­ғындары 10 157,6 млрд теңге сомасында жұмсалған. Қаржы министрлігінің болжамдарына сәйкес, жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындарының орындалуы 99,8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде.

«Біз биылғы қаржы жылын табысты аяқтап, 2018 жыл­ға арналған бюджетті мем­лекеттік органдармен бірле­се отырып іске асыруға кірісе­міз. 2018 жылға арналған бюд­жетке қажетті барлық құжат­тар қабылданды. Енді орта­лық мемлекеттік және жер­гі­лікті атқарушы органдар жаңа жылды табысты қар­жы­ландыру үшін барлық ұйым­дас­тырушылық шараларды қа­былдауы керек», деді министр.

Бюджеттің орындалу барысы туралы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасы­мов, Білім және ғылым ми­нистрі Ерлан Сағадиев, Ин­вес­тициялар және даму минис­трі Жеңіс Қасымбек, Ауыл ша­руа­шылығы министрі Асқар Мырзахметов, Мәде­ниет және спорт министрі Арыстанбек Мұха­ме­диұлы қосымша баяндады, сонымен қатар Маң­ғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Пав­лодар облысының әкімі Болат Бақауов, Алма­ты қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Ас­тана қаласының әкімі Әсет Исекешев есеп берді. 

Қорытындылай келе Пре­мьер-Министр Бақытжан Сағынтаев барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарға қалған уақытта Мемлекет басшысының эко­номиканың негізгі секторларында өсуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауға бар күш-жігерлерін жұмсауды және биылғы жыл­дың соңына дейін бюджетті орындаудың барлық шараларын қабылдауды тапсырды.

Жиында одан әрі Ауыл шаруа­шылығы бірінші вице-министрі Қай­рат Айтуғанов өсімдік шаруа­­шы­­­лы­­ғын­дағы міндетті сақтанды­руды же­тілдіру туралы баяндады. Қ.Айтуға­новтың айтуын­ша, Ауыл шаруашылығы ми­нис­трлігі жүйені екі бағыт­та реформалауды ұсы­нады. Біріншісі – өсімдік шаруа­шы­­лы­ғындағы міндетті сақтан­дыру жүйесін электронды фор­матқа кө­шіру. Екіншісі – өзара сақтандыру қо­ғам­дары (ӨЗҚ) қызметін регламент­теу. ӨЗҚ үшін сақтандыру сый­лық­ақыларын азайту немесе оларды төлеуді тоқтату мүмкіндігін болдырмау.

Аталған мәселе бойынша жиында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мыр­зах­метов, Қостанай облысы­ның әкімі Архимед Мұхам­бе­тов, Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталов, Ауыл ша­руа­шылығы министрі Асқар Мыр­захметов түсініктеме берді.
Үкімет отырысында қарал­ған тағы бір мәселе – тұ­ты­ну­шы­лардың құқықтарын қор­ғау жайы. Бұл ретте қабыл­данып жатқан шаралар туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Ден­саулық сақтау министрі Ел­жан Біртанов баяндады.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында 19 мыңнан астам тұты­ну­шы­лық өтініштер қаралған. Өті­ніштерге сәйкес 287 әкімшілік іс қозғалған.

«Келіп түскен өтініштерді тал­дау нәтижесі қазақстандық тұтыну­шы­лардың өз құ­қық­тарын білмейтінін және қашан әрі кіммен байланысуға болатыны туралы ақпараттың жет­кі­лік­сіз екенін көрсетеді», деді Т.Сүлей­менов.

Ұлттық экономика ми­нистрі, сон­дай-ақ электронды сауданың серпінді дамып келе жатқан салаларын­да тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғау төменгі деңгей­де екенін де атап өтті.

Айтқандай, Ұлттық тұты­ну­шылар лигасының ұсынысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнін­дегі үйлестіру кеңесі құрыл­ған. Ұлттық экономика минис­тр­лігі тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғау заңнама­сы­ның сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға құзырет беруді ұсын­ды. Ал Денсаулық сақтау ми­нистрі Елжан Біртанов өнім­­дерді қауіпсіздік талап­тары­мен қамтамасыз ету бойын­ша қабылданған шара­лар туралы хабарлады. Ми­нис­трлік халықтың санитар­лық-эпи­де­мио­логия­лық са­ла­мат­тылығына, гигие­налық нор­мативтер және техникалық регламенттер са­ласында нормативтік-құ­қықтық актілердің талаптарын бұзуды анықтауға және алдын алуға бағытталған ба­қылау жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мәселені қарауды қорытындылай келе Премьер-Министр Б.Сағынтаев Ұлттық эконо­мика министрлігіне тұтынушылардың құ­қық­­тарын қорғау туралы заң­наманың сақ­талуын бақылау тетігін қайта қа­рау­ды тапсырды. Үкімет басшысы тұты­ну­шылардың құқық­тары олар­дың жеткіліксіз ақпараттануы салдары­нан бұзылатынын атап өтті. Осыған орай Ден­сау­лық сақтау министрлігіне адам өмірі мен денсау­лы­ғына қо­йылатын қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімдер туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»