«Қансонар» қанат жайып келеді

 Құс салып, аң аулау көптеген халықтарда бар өнер. Еліміз де мұндай сауық құрудан кенде емес. Соның дәлелі өткен сенбіде Щучье-Бурабай курортты аймағының Текекөл деп аталатын көлінің жағасында өткен «Қансонар-2017» халықара­лық турнирі. Аталған шара ел Тәуелсіздігі күніне және аты аңызға айналған осы өңірдің тумасы бүркітші Мәсіп Батыр­ханұлын еске алуға арналды.

Егемен Қазақстан
14.12.2017 12711
2

Құс салып, аң аулауға қызығу­шылық танытқандар Астана және Көкшетау қалаларынан арнайы автобустармен Текекөл жағасына жеткізілген соң, салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Оған көппен бірге Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсан Баттулга, Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті ел­шісі­нің орынбасары Шандо Дороги, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова және де Ұлттық спорт түр­лері бойынша республикалық ассоциациясының өкілдері қатысты. Сондай-ақ айтулы халықаралық туринирге Қазақстанның әр өңірінің, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия және Венгрияның 50-ге тарта құс­бегілері келіпті. 

Реті келгенде бүркітші Мәсіп Батырханұлы туралы бірер сөз айта кеткен орынды шығар. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында барлығы да қан майданға жөнелтіліп, халық аш-жалаңаш күй кешкені мәлім. Міне, осындай қиыншылық заманда айтулы бүркітші Зеренді ауданында құс пен аң аулап, балалар мен қарияларға таратып берген көрінеді. Өзі де біраз жасқа келгеніне қарамастан, аңшылықпен айналыса жүріп аң терісін Ресейге жөнелтіп, одан түскен қаржыға оқ дәрі сатып алып, майданға жөнелтіп отырған. Сондықтан да бір кездері өздерін аштықтан құтқар­ған, аты аңызға айналған аңшыға арнап ұрпақтары оның құрметіне жыл сайын осылайша құспен аң аулау сайысын өткізіп келеді. 

Үш кезеңнен тұрған турнир барысында бүркітші мен құстың сыртқы келбеті, олардың көкте еркін қалықтауы және аң аулауы бойынша бағаланды. Құсбегілердің құстарды баптауы мен олардың көкте еркін құйғытуы, аң мен құсқа құйыла келіп бас салуы есте қаларлықтай әсер еткені көрініп тұрды. Табиғат аясында ғана болатын мұндай әсерлі көрініс көрермендердің көкейінде ұзақ сақталары сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде ұйымдастырушылар көрермендерге үлкен мереке сыйлады деп түйіндеуге болады. Оның үстіне аталған шараны барынша тартымды ету мақсатын­да Ақмола облысының әкім­дігі «Қансонар-2017» халықара­лық турнирі жеңімпазына жеңіл автокөлік тікті. Бұдан басқа, Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық қауымдастық тарапынан 2 миллион теңге сыйақы тағайындалғандығын айта кету керек. Тартысты өткен турнир барысында Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы­ның өкілі Қанат Шүленбаев жеңім­паз деп танылып, бас жүлде авто­көлікке ие болды. Бұл орайда қатысу­шылар да, көрермендер де «Қансонар» турнирінің елімізде ғана емес, сонымен қатар шет­елдерде де жалғасын табатынына сенім білдірді. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу