Футбол • 14 Желтоқсан, 2017

Валерий Карпин Павлодарға келді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Павлодарға мәскеулік «Спартак», испандық «Мальорка» командаларын жаттықтырған Валерий Карпин келгені белгілі болды. 

Валерий Карпин Павлодарға келді

Бұл туралы «Чемпионат» порталының тілшісі Олег Лысенко жазды. Ақпаратқа қарағанда белгілі маман Павлодар облысының әкімі Болат Бакауовпен келіссөздер жүргізбек. Егер қос тарап келісімге келсе, еліміздің 5 дүркін чемпиондарын Валерий Карпин жаттықтыратын болады. Бірнеше күн бұрын «Ертіс» футбол клубының ресми сайтында командаға бас бапкер іздестіріліп жатқанадығы туралы апарат жарияланған болатын. Соңғы уақытта Валерий Карпин «Матч ТВ» спорт арнасында сарапшы және футбол бөлімінің редакторы болған.