14 Желтоқсан, 2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы қайтадан Біржан сал ауданы болып аталатын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 желтоқсан № 605