ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Егемен Қазақстан
14.12.2017 2198

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құжат; №4, 25-құжат; №11, 56-құжат; 
№14, 103-құжат; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; 
№6, 42-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; 
№23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; 
№8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; 
№24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; 
№5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50, 53-құжаттар; 
№16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13, 14, 15-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 85-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; 
№10-11, 56-құжат; №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №11, 61, 69-құжаттар; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-ІІ, 102-құжат; 
№20-VII, 117, 119-құжаттар; №22-I, 143-құжат; 
№22-II, 145-құжат; №22-III, 149-құжат; 
№22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; 
2016 ж., №7-I, 49-құжат; №7-II, 53-құжат; 
№8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №13, 45-құжат):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толық­ты­рылсын:
«2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;»;
3) 765-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«6-1. Осы баптың қағидалары кепіл нысанасы болып табылатын салымдарға, сондай-ақ қайтарылуы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен шектелген салымдарға қолданылмайды.».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №15-I, 15-II, 88-құжат; №19-І, 19- ІІ, 96-құжат; 
№21, 122-құжат; 2015 ж., №20-VII, 115-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-V, 156-құжат; 
№22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №8, 16-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; №16, 56-құжат):
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «арналған банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., №20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; 
№4, 7-құжат; №8, 16-құжат; №16, 56-құжат):
156-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі «тұрғын үй төлемдеріне,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; 
№9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; 
№11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; 
№23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 
№4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., 
№2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; 
№19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 
№15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; 
№11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-ІІІ, 137-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 21-құжат; №13, 45-құжат):
1) 36-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы «тұрғын үй төлемдерін,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздермен толық­ты­рылсын;
2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;».
5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №8, 84-құжат; 1999 ж., №13, 431-құжат; №23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №17, 101-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №16, 103-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 
№10, 69-құжат; №15, 106, 108-құжаттар; 
№18, 143-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №18, 84-құжат; №24, 122-құжат; 2010 ж., 
№5, 23-құжат; №10, 52-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №10, 86-құжат; №11, 102-құжат; №16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 21-құжат; №4, 32-құжат; №5, 41-құжат; 
№15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №20-ІV, 113-құжат; 
№22-V, 154, 158-құжаттар; №23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., №8-І, 65-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №11, 29-құжат):
1) 2-баптың 7-1), 44-1) және 44-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
«7-1) жеке арнайы шот – арнаулы мем­лекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгей­дегі банкте ашатын ағымдағы банктік шот;»;
«44-1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ осы Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;
44-2) тұрғын үй төлемдерін алушылар – тұрғын үй төлемдерін алатын арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер;»;
2) 67-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар, осы баптың 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған мекеменің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толық­тырылсын:
«3-3. Осы елді мекенде ұлттық қауіп­сіз­дік органдары мен ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қоры­ның жатақханаларындағы қызметтік тұрғынжайлар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тиісінше ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының кадр-
ларында тұрған адамдарға қызмет өткеру кезеңіне беріледі.»;
3) 74-баптың 1-тармағындағы «98-1 және 99-баптарында» деген сөздер «98-1-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 96-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі осы Заңның 98, 101, 101-1, 101-2 және 110-баптарында белгіленген тұрғынжайлардың құқықтық режимдерімен айқындалады.»;
5) 99-бап алып тасталсын;
6) 13-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын: 
«13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеудің ерекшеліктері 
101-1-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызмет­кер­лерінің (арнаулы (әскери) оқу орын­дарының курсанттары мен тыңдау­шы­ларын қоспағанда) тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақ­стан
Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын­жайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқын­далады. Тұрғынжай алаңы арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Қазақстан Республикасы арнаулы мем­ле­кет­тік органдарының қызметкерлеріне тұр­ғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, олар­ды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қыз­мет­­керлеріне және штаттық жасырын қы­з­мет­керлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде көзделген ерекше тәртіппен жүзе­ге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қос­па­ғанда, тұрғын үй төлемдері арнаулы мем­лекеттік орган қызметкерінің таңдауы бойын­ша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашыл­ған оның жеке арнайы шотына аудару ар­қылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Арнаулы мемлекеттік органның әрбір қыз­меткері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін арнаулы мемле­кет­тік орган олар тағайындалған күннен бас­тап бір ай мерзімде жүргізеді.
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қыз­меттік тұрғынжаймен қамтамасыз етіл­ген арнаулы мемлекеттік органдар қыз­мет­кер­лерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жеке­ше­лен­діру құқығы сақталады.
5. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын­жайға мұқтаж деп танылған арнаулы мем­ле­кеттік органдардың қызметкерлері қыз­мет­тен шығарылған кезде (теріс себептермен қызметтен шығару жағдайларын қоспағанда) арнаулы мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, тұрғын үй төлемдерін алады.
Арнаулы мемлекеттік органдар қызмет­керлері тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге олардың тұрғын үй төлемдерін алуы бөлігінде осы тармақтың күші, тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырған қызметкерлерге қолданылмайды.
6. Егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін қызметтен шығаруға қызмет өткеру кезеңінде алған, әскери-дәрігерлік комиссия қызметкерді есептен шығара отырып, қызметке жарамсыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себеп болса, оған тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады. 
Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлем­де­рінің сомасы шегеріле отырып, оны қызметтен шығару кезіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағым­да­ғы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес қыз­меткер қызмет өткерген Қазақстан Респуб­ли­касының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көздел­ген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы арнаулы мемлекеттік органның қыз­меткері құқыққа қайшы әрекеттер жаса­ған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.
7. Әскери қалашықтардың, шекара заста­ва­ларының және өзге де жабық объек­тілердің аумағындағы немесе жатақ­ханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
8. Шетелге қызмет өткеру үшін жі­бе­ріл­­ген арнаулы мемлекеттік орган­дар қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғын­жай­ла­ры және (немесе) тағайындалған тұрғын үй тө­лем­дері шетелде болатын барлық уақытына сақ­талады.
9. Арнаулы мемлекеттік органдар қыз­мет­керлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
101-2-бап. Әскери қызметшілердің тұрғынжай құқығын іске асыруы
1. Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери мін­деттілерді қоспағанда) тұрғынжай құқы­ғын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәр­тіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп та­ныл­ған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзе­ге асырылады. Осы баптың 7 және 10-тар­мақ­та­рында көзделген жағдайларда тұр­ғын­жай құ­қығын іске асыру қызметтік тұр­ғынжай беру және олардың жеке арнайы шо­тына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жү­зеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұр­ғын­жайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Әскери қызметшілерді қызметтік тұр­ғын­жаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй тө­лемдерінің мөлшерін есептеу, оларды та­ға-
й­ындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқ­тата тұру және қайта бастау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдары жасырын құрамының әскери қызметшілеріне тұр­ғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағи­даларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде көзделген ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қос­па­ғанда, тұрғын үй төлемдері әскери қыз­мет­шінің таңдауы бойынша екінші дең­гейдегі банк­тердің бірінде ашылған оның жеке арна­йы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Әрбір әскери қызметші жеке арнайы шот­ты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін әскери қызметші әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді. 
4. 2013 жылғы 1 қаңтарда күнтізбелік есептеумен әскери қызметте он және одан көп жыл болған әскери қызметшілердің берілген қызметтік тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады. 
2013 жылғы 1 қаңтарда күнтізбелік есептеу-
мен әскери қызметте он және одан көп жыл болған әскери қызметшілердің күнтізбелік есеп­теумен әскери қызметте жиырма жыл бол­ғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеу­сіз жекешелендіруге құқығы бар. Қыз­мет­тік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын жағдайларда, өтеусіз жекешелендіру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тұр­ғын үй төлемдері түріндегі ақшалай өтем­ақымен өтеледі.
Ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жү­зеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сома­сы шегеріле отырып, республика бойын­ша орташа алғанда жаңа тұрғынжай са­тудың бір шаршы метрінің құнын әскери қыз­метшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаңнан есеп­телетін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы ай­қындалады.
Ақшалай өтемақы төленген адамдар қыз­меттік тұрғынжайды ақшалай өтемақы тө­лен­ген кезден бастап үш айдан кешіктірмей бел­гіленген тәртіппен тапсырады.
Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объек­ті­лер­дің тізбесін Қазақстан Респуб­ли­касының Үкі­меті бекітеді.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады және әскери қызметтен теріс се­бептермен шығарылған әскери қызмет­ші­лерге қолданылмайды.
5. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, бірақ 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген әскери қызметшілер әс­кери қызметтен шығарылған кезде (теріс себеп­термен қызметтен шығару жағдайларын қоспағанда) арнаулы мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда олар тұрғынжайға мұқ­таж деп танылған күннен бастап қызметтің бар­лық кезеңіне бұрын жүзеге асырылған тұр­ғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, тұрғын үй төлемдерін алады.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жабық жә­не оқшауланған әскери қалашықтардың, ше­кара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағындағы және (немесе) жа­тақ­­ханадағы қызметтік тұрғынжайда тұрған әс­кери қызметшілерге әскери қызметтен шы­ғарылған кезде (теріс себептермен қыз­мет­тен шығару жағдайларын қоспағанда) тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған барлық кезеңге осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Әскери қызметшілер тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге олардың тұрғын үй төлемдерін алуы бөлігінде осы тармақтың күші, купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған әскери қызметшілерді қос­па­ғанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұр­ғын­­жайды жекешелендіру құқығын бұрын іс­ке асырған не өтеусіз жекешелендіру құқы­ғы­ның орнына ақшалай өтемақы алған әскери қызметшілерге қолданылмайды.
6. Әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған, әскери-дәрігерлік комиссия әскери қызметшіні әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарам­сыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жара­қат­тануы, контузиясы) немесе ауруы се­бе­бінен әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы ше­геріле отырып, оны қызметтен шығару ке­зіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пай­далы алаң нормасын мемлекеттік статис­тика саласындағы уәкілетті органның интер­нет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жыл­ғы қаңтардағы деректеріне сәйкес әскери қыз­метші әскери қызмет өткерген Қазақстан Рес­­публикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұр­ғын­жай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көздел­ген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы әскери қызметші құқыққа қайшы әре­кет­тер жасаған кезде немесе алкогольдік, есір­ткі­лік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектес­терден) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.
7. Әскери қалашықтардың, шекара зас­та­валарының және өзге де жабық объек­ті­лер­дің аумағындағы немесе жатақ­хана­дағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
8. Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемле­кет есебінен қамтамасыз етілетін жабық жә­не оқшауланған әскери қалашықтардың, ше­кара заставаларының және өзге де жа­бық объектілердің тізбесін Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі бекітеді.
9. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын­жай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шы­ғарылмайды.
10. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшілердің тұрып жат­қан тұрғынжайлары және (немесе) тағайын­дал­ған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.
11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мер­зімді қызметтегі әскери қызметшілерден бас­қа) тұрғынжай құқығын іске асыруы, осы бап­тың 1 – 10-тармақтарын қоспағанда, осы та­рауда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әс­кери қыз­метшілерден басқа) оны осы Заңда көз­делген тәртіппен жекешелендіреді.
12. Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлем­дерін пайдалану арқылы тұрғынжайды мен­шікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
101-3-бап. Арнаулы мемлекеттік орган­дар­дың қызметкерлері мен әскери қыз­мет­ші­лерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қыз­мет­керлері (арнаулы (әскери) оқу орын­дарының курсанттары мен тың­дау­шы­ларын қоспағанда) мен әскери қыз­метшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен ка­деттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда), егер:
1) олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады, бұл ретте тұрғынжайға елу пайыздан аз үлестің болуы есепке алынбайды;
2) олардың осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайда­ла­нуындағы тұрғынжайы болмаса;
3) олар тұрып жатқан тұрғынжай белгілен­ген санитариялық-эпидемиологиялық және тех­никалық талаптарға сай келмесе;
4) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұ­ру мүмкін болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Бұл ретте арнаулы мемлекеттік орган­дар­дың қызметкерлеріне немесе әскери қыз­мет­шілерге, егер олар өздері қызмет өтке­ріп жүрген елді мекенде тұруға жарамды тұр­ғын­жайды соңғы бес жыл ішінде иеліктен шы­ғаруды жүргізген болса, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады. Бұл жағдайда тұрғынжайға елу пайыздан аз үлесті иеліктен шығару есепке алынбайды.
Тұрғынжайға мұқтаж деп тану бөлігінде осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік орган­дардың қызметкерлері мен әскери қыз­мет­шілердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Арнаулы мемлекеттік орган қызметкері немесе әскери қызметші жұбайының (зайы­бы­ның) некеге тұрғанға дейін осы елді мекен­де тұрғынжайы болған жағдайда, арнаулы мем­лекеттік органның қызметкері немесе әс­кери қызметші жұбайы (зайыбы) есепке алынбай тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
2. Егер ерлі-зайыптының екеуі де арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жә­не (немесе) әскери қызметшілер болып та­былса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайып­ты­лардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі.
3. Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметшілер болып табылса, қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқы­ғы­ның орнына ақшалай өтемақы ерлі-зай­ыптылардың таңдауы бойынша олар­дың бі­реу­іне төленеді. Бұл ретте ерлі-зайып­тылар бұл құқықты іске асырғаннан кейін осы өтем­ақыны алу орны бойынша қыз­мет­тік тұр­ғын­жай және (немесе) тұрғын үй төлем­де­рін алуға үміт­кер болуға құқылы емес.
101-4-бап. Тұрғын үй төлемдерін тоқ­та­та тұру, қайта бастау және тоқтату негіз­­дері
1. Тұрғын үй төлемдерін алушылар орын ауыстырған кезде тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрады және қайта басталады.
2. Тұрғын үй төлемдері:
1) қызметкер арнаулы мемлекеттік органнан немесе әскери қызметші әскери қызметтен шығарылған;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған;
3) арнаулы мемлекеттік органның қыз­мет­кері немесе әскери қызметші қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгілен­ген тәр­тіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған;
4) арнаулы мемлекеттік органның қыз­мет­кері немесе әскери қызметші тұрғын үй төлем­дерін алудан бас тартқан жағдайларда тоқ­татылады.
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары
Тұрғын үй төлемдерін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнайы шотындағы ақшаны:
1) тұрғынжайды меншікке, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып меншікке алу;
2) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;
3) бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;
5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылысы кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;
6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайларын жақ­сар­ту мақсатынан басқаға талап етуге болмайтын тұр­ғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жи­нақтарды толықтыру;
7) «Қазақстан Республикасындағы тұр­ғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәй­кес тұр­ғын үй жағдайларын жақсарту мақ­сат­та­рында қолданады.
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алу­шы­ның құқықтары
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органнан немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінен өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мәліметтерді жыл сайын талап етуге;
2) жеке арнайы шотына пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға;
3) тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеретін жеріне қарамастан, Қазақстанның кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалануға;
4) арнаулы мемлекеттік органның немесе Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің және жеке арнайы шот ашылған банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомасын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына олардың нысаналы мақсатын өзгертпестен аударуға құқылы.
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдерін алу­шының міндеттері
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органды немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мем­лекеттік мекемесін азаматтық хал актісі тіркелген және тиісті куәлікті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
2) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған кезде, осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен са­тып алатын тұрғынжайды жалға алу ақы­сын тө­леу үшін жасалған шарт бойынша мін­дет­те­мелерді орындаған кезде бұл туралы қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органды немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесін тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелерді орындаған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
3) арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе Қа­рулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әс­кери құралымдардың мемлекеттік ме­ке­месі, әскери қызметші және арнаулы мем­лекеттік ор­ган қызметкерінің немесе әскери қыз­мет­шінің жеке арнайы шоты ашыл­ған екінші дең­гейдегі банк арасында жасалатын шартқа сәй­кес оларды осы Заңның 101-5-бабында көз­делген мақсаттарға жұмсауға міндетті.
101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол­сұғылмаушылық кепілдіктері
Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ осы Заңның 101-5-бабының 6) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлем­де­рінің сомасына тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқ­тата тұруға жол берілмейді. 
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұр­ғын­жайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жи­нақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақша бюджетке алып қоюға жатпайды, иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бо-
йынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.
101-9-бап. Қызмет өткеру кезінде қаза табуына немесе қайтыс болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс бол­ды деп жариялануына байланысты жеке құ­рам тізімдерінен шығарылған арнаулы мем­лекеттік органдар қызметкерлерінің неме­се әскери қызметшілердің отбасы мүше­лері­нің, мұрагерлерінің құқықтары
1. Арнаулы мемлекеттік орган қызметкері немесе әскери қызметші қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайда – оның отбасы мүшелерінің, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мұндай қызметкердің немесе әскери қызметшінің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүр­гі­зіледі. Біржолғы ақшалай өтемақының мөл­шері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына сәй­кес келетін пайдалы алаң нормасын мем­ле­кеттік ста­тистика саласындағы уәкілетті орган­ның интернет-ресурсында жарияланатын ағым­да­ғы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес ар­наулы мемлекеттік органның қыз­меткері не­месе әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жа­ңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің ба­ғасына көбейту арқылы айқындалады.
Біржолғы ақшалай өтемақы, егер арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс бо­луы):
1) өз-өзiне қол жұмсауға дейін жеткізген жағ­дайларды қоспағанда, өз-өзiне қол жұм­сауы салдарынан;
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уыт­құмарлық масаңдық күйді туындататын зат­тарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;
4) біржолғы ақшалай өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзiне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мү­шесiн зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;
5) қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын бұзған арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшінің әрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, төленбейдi.
101-10-бап. Арнаулы мемлекеттік орган­дар қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелері
Осы Заңның мақсаттары үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреу­інің он сегіз жасқа толғанға дейін мүге­дек болған он сегіз жастан асқан баласы (бала­лары) жатады.».
6. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №21, 382-құжат; 2003 ж., №15, 139-құжат; 2005 ж., №7-8, 22-құжат; 2007 ж., №14, 102-құжат; 2011 ж., №4, 37-құжат; №16, 128-құжат; 2012 ж., №12, 87-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат): 
1) 3-баптың 9-тармағы мынадай редакция-
да жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Азамат­тық кодексінде және «Тұрғын үй қатынастары ту­ралы» Қазақстан Респуб­ликасының За­ңын­да көзделген жағдайларды қоспағанда, са­лымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақ­шасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұ­зуға және салымды, тұрғын үй құрылысы жи­нақ банкi оның есебіне жазған сыйақыны алуға құқығы бар. Бұл ретте салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта белгiленген талаптарда салымды үш жылдан астам жинақтаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқығы бар.»;
2) 8-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй заемын алған кезге дейін есепке жазылады.».
7. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына (Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №7, 27-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №5, 43-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №19-ІІ, 106-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 115-құжат; №21-І, 128-құжат; №21-ІІІ, 136-құжат; №22-І, 143-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №16, 56-құжат):
1) 58-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлем­де­рін есепке жатқызуға арналған банктік шотын­дағы ақшасына, тұрғын үй төлемдерін пай­далану есебінен жинақталған тұрғын үй құ­рылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шот­тардағы ақшаға, нотариус депозиті шартта­рында енгізілген ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»; 
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлем­де­рін есепке жатқызуға арналған банктік шо­тынан ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пай­далану есебінен жинақталған тұрғын үй құ­рылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны өндіріп алуға жол берілмейді.»;
2) 62-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 
«Борышкердің банктік шоттарының бар екендігі туралы ақпарат болған кезде банктік шоттардағы (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй тө­лем­дерін есепке жатқызуға арналған банк­тік шот­тарды, тұрғын үй төлемдерін пай­да­­лану есе­бінен жинақталған тұрғын үй құ­ры­­лысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құ­рылысы жинақ банктеріндегі банктік шот­тар­дағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны қоспағанда) ақшаға және борышкердің банктегі басқа да мүлкіне тыйым салуды сот орындаушысы сот санкциясымен ғана қолданады.»;
3) 98-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшадан;».
8. «Қазақстан Республикасының арнау-
лы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Респуб­ли­касының Заңына (Қазақстан Респуб­-
л­ика­сы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 31-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №15, 78-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №22-ІІ, 148-құжат; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 154-құжат; 2016 ж., №7-І, 49-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №14, 50-құжат; №16, 56-құжат):
76-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінің ережелері Қазақстан Респуб­ли­касы ұлттық қауіпсіздік орган­дарының қыз­меткерлеріне қолда­ныл­майды.».
9. «Әскери қызмет және әскери қыз­мет­шілердің мәртебесі туралы» 2012 жыл­­ғы 16 ақпандағы Қазақстан Рес­пуб­ли­­касының Заңына (Қазақстан Респуб­ли­касы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №5, 40-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 10-құжат; №3, 15-құжат; №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №11, 56-құжат; №15, 78-құжат; №19-І, 100-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №16, 56-құжат):
1) 26-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 
6. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына не штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы əскери қызмет мерзімі:
күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға – төрт айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін болғандарға – бес айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін болғандарға – алты айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін болғандарға – жеті айлық ақшалай қамтылым;
күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді. 
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қай­тадан кірген кезде жұмыстан шығу жəр­демақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəр­демақысы бұрын қызметтен шығарылған кез­де төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұ­рын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қыз­мет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағ­­дайына байланысты әскери қызметтен шы­­ғ­а­рылған кезде мерзімді қызметтегі әс­ке­ри қызметшілерге жұмыстан шығу жәр­де­ма­қысы – бір айлық есептік көрсеткіш мөл­ше­рінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған адамдарға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.»;
2) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
«45-бап. Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес айқындалған тұрғын­жай­ға мұқтаж әскери қызметшілер және олар­дың отбасы мүшелері әскери қызмет өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
2. Әскери қызметшілерді және олардың от­ба­сы мүшелерін тұрғынжаймен қам­та­ма­сыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көз­дел­ген тәртіппен жүргізіледі.»;
3) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакция­да жазылсын: 
«2. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде не қызметтен шығарылғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс бол­ған) жағдайда, әскери қызметшінің мұра­герлеріне – қаза тапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жыл­дық ақшалай қамтылым мөлшерінде, ал мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің, әс­кери оқу орны курсантының, әскери жиын­дарға шақырылған әскери міндеттінің мұ­рагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төлеу жүргізіледі.»;
4) 55-бапта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
«5. Тұрғын үй төлемдері тұрғынжайға мұқ­таж келісімшарт бойынша әскери қыз­метшілерге (Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік күзет қызметінің әскери қызмет­шілерін, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) олардың баянаты бойынша, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі бекіткен Әскери қыз­метшілерді қызметтік тұрғынжаймен қам­тамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөл­шерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есеп­теу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұ­ру және қайта бастау қағидаларына сәй­кес жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік күзет қызметінің әскери қыз­мет­шілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қыз­мет­шілерден басқа) тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
6. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жеке­шелендіруге жатпайтын, оның ішін­де жабық және оқшауланған әскери қала­шық­тар­д­ың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қыз­меттік тұрғынжайда тұратын және әскери қыз­метте болудың шекті жасына толуына, ден­саулық жағдайына немесе штаттардың қыс­­қартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаң­тарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшау­лан­ған әскери қалашықтардың, шекара заста­валарының және өзге де жабық объек­ті­ле­рдің аумағында орналасуы сал­дары­нан жекешелендіруге жатпайтын қыз­меттік тұр­ғынжайда тұратын және әскери қыз­метте болудың шекті жасына толуына, ден­саулық жағдайына немесе штаттардың қыс­қартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаң­тарға дейін әскери қызметтен шығарылған адам­дарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қаза­қстан Республикасы Заңының 96-бабын­да белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«7. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған, қыз­меттен шығару кезінде қызметтік тұр­ғы­н­­жаймен қамтамасыз етілмеген және тұр­ғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырмаған, әскери қызметте болудың шек­ті жасына толуына, денсаулық жағдайына не­месе штаттардың қысқартылуына байланысты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметтен шығарылған адамдардың Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.».
10. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №12, 86-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат; №13, 45-құжат; №14, 53-құжат):
1) 27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай маз­мұн­дағы 2-1) тармақшамен толық­ты­рыл­сын:
«2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есе­бінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жи­нақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жи­нақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақ­шаға;»;
11-тармақтың екінші бөлігі «банктік шоттар бойынша,» деген сөздерден кейін «тұр­ғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақ­талған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеу­меттік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, но­тариус депозиті шарттарында енгізілген ақ­шаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есе­бінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жи­нақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақ­шаны есепке жатқызуға арналған банктік шот­қа, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жи­нақтау жүйесі туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа қойылған жағдайларда;».
2-бап. Осы Заңның 2020 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 9-тар­мағы 4) тармақшасының төр­тін­ші абза­цын қоспағанда, осы Заң 2018 жыл­ғы 
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 12 желтоқсан №114-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу