Бокс • 17 Желтоқсан, 2017

Иван Дычко кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) кәсіби бокстағы төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Иван Дычко кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Майамиде (АҚШ. Флорида штаты) ол 36 жастағы мексикалық Сельсо Пинсонмен (5-4-1, 3 КО) кездесті. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Дычко қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. Иван үшін бұл оның карьерасындағы 4-ші жеңіс. Ал Пинсон 5-ші рет жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Дычконың бапкері Зия Алиев тілшілерге берген сұхбаттарының бірінде адуында қарсыластарды ақпан айынан соң таңдай бастайтынын айтқан болатын.