Ақтауда халық батыры Шотан Назарұлын еске алуға арналған турнир өтті

Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаймын деп атқа қонған айтулы ерлердің бірі – Шотан Назарұлы.  Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбей, Өтеген батырлармен бірге қиян-кескі соғысқа кіріп, батылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен және тығырықта жол таба білетін ақылдылығымен Әбілқайыр,  Абылай хандардың ықыласына бөленіп, Кіші жүздің бас сардары сайланған ол қазақ ауылдарын Маңғыстауға бастап келуімен де ерекшеленеді. 

Егемен Қазақстан
18.12.2017 16117
2

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ел тәуелсіздігі мерекесіне орай Ақтаудағы «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан  Халық батыры Шотан Назарұлын еске алуға арналған III республикалық ашық турнир өтті. Турнирге Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Шығыс Қазақстан облысынан және Қызылорда облысынан 250-ге тарта палуан қатысты.

16-17 желтоқсан күндері өткен, яғни екі күнге созылған сайыста топтық есепте Маңғыстау облысы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының, үшінші орынды Атырау облысының палуандары иеленді. Топтық сайыстағы 1-орын жеңімпаздарына 200 мың теңге, 2-орын иегерлеріне 100 мың теңге және 3-орын алғандарға 50 мың теңге қаржылай сыйлықтар табысталды.  Ал, салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар медалдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

«Шотан батыр тек бір рудың немесе өз ұрпақтарының мақтанышы емес, себебі ол тек өз ұрпақтары үшін басын қатерге байлаған жоқ. Сондықтан, батыр бабамызды еске алуға арналған республикалық турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлына, Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Самат Базарбайұлына, демеушілік жасаған «АктауBSстрой»,«Chem servise», «ҚазАзот» және «Нұр-жол құрылыс», «Ақ жол құрылыс», «Корпорация Каспий Строй Сервис» серіктестігіне, барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» дегендей, қазақтың жігіттері ауызбіршілігіміз болып, жұдырықтай жұмылып, әркез бір-бірімізді қолдап жүрейік, дегім келеді, дейді «Халық батыры Шотан Назарұлы» қоғамдық қорының басшысы Әлібек Дүйсенов.

2017 жылы маңғыстаулық дзюдошылар Әлем, Азия чемпионаттарында және ел біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болды. Турнирде Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Самат Мұсабаев аталмыш спорт түрі бойынша 2017 жылды табысты қорытындылап, облыс мерейін өсірген спортшылар – Қазақстан чемпионатының чемпионы Кәмшат  Қарасайқызына 2 000 000 теңгенің, Казақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері Анна Казюлина мен Бауыржан Сағынғалиұлының әрқайсысына 1 000 000 теңгенің сертификаттарын табыс етті.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу