Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2017

Елбасы Құман Тастанбековтің туған-туысқандарына көңіл айтты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Құман Тастанбековтің туған-туысқандарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің дүниеден өткеніне орай көңіл айтты.

Жеделхатта Қ.Тастанбековтің отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

«Оның жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіңірген еңбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.