Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2017

Астанада он шақты мұз айдыны мен хоккей алаңы ашылады

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада мұз айдындарын құю мен хоккей алаңдарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада он шақты мұз айдыны мен хоккей алаңы ашылады

«Сарыарқа» ауданының аумағында мұз айдындары мен хоккей алаңдары мына мекен-жайлар бойынша орналасатын болады:

Сарыарқа даңғылы, Қосшығұлұлы көшесі, Кирпичный елді мекені, «Өндіріс», «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын үй алқаптары. Есіл өзенінің жағалауында екі мұз айдыны ашылады. Қалалық алаңда конькиді жалға беретін пункті бар қоғамдық мұз айдыны орналастырылуда. Бұдан бөлек, қысқы уақытта Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол алаңы мұз аренаға айналады.

«Алматы» ауданында хоккей алаңдары № 5, 27, 30, 31, 32, 57 мектептердің аумағында, сондай-ақ, «Железнодорожный» тұрғын үй алқабындағы №65668 әскери бөлімнің аумағында орналасатын болады.

Сонымен қатар, 25 желтоқсанда Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдынының ашылу салтанаты өтеді деп жоспарлануда. 26 желтоқсанда Жерұйық саябағындағы мұз айдыны ашылады.

27 желтоқсаннан бастап Президент саябағындағы қардан жасалған төбешіктерден сырғанауға болады. Барлық саябақтарда конькиді жалға беретін пунктер мен тамақтану орындары болады.

Бұдан бөлек, «Жастар» сарайының аумағында да мұз айдыны мен сырғанау төбешіктері дайындалып жатыр.