Президент • 25 Желтоқсан, 2017

Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, жаңа Салық кодексінің ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдерін айқындайтын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына және заңнаманы жаңа Салық кодексіне сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.