ЭКСПО кезінде қоқыстардың 42 пайызын кәдеге жаратуға мүмкіндік берген жоба

Табиғи ортада пластик ыдыстардың ыдырауы үшін – 50 жыл, полиэтилен пакетіне – 200 жыл, ал шыныға 1000 жыл керек екен. Қазақстанның әрбір тұрғыны орташа есеппен жылына 300 келі қоқыс өндіреді. Былтырғы деректер бойынша біздің елдің аумағында 103 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. Жыл сайын осы санға тағы да 5-6 миллион қосылып отырады. Мұның бәрі жылдар бойы жиналып, қазіргі таңда ел аумағында 4 мыңға жуық полигондар мен қоқыс қоймаларын жасақтауда. Солардың ішінде тек 590-ы экологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

Егемен Қазақстан
28.12.2017 22486
2

Қайта өңдеуге тұрмыстық қатты қалдықтардың небәрі 3 пайызы кетеді. Салыстырып қаралық, Германия мен Швецияда тұрғындар түзетін қалдықтардың түгелі дерлік немесе 99 пайызы кәдеге жаратылады және қайта өңделеді. 2030 жылға қарай Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес Мемлекет басшысы осы көрсеткішті біздің елде де 30 пайызға дейін ұлғайту мақсатын қойды. Қоқыстың бақыланбайтын өсуімен жағдайды өзгертуге қабілетті жаңа технологияларды тәжірибеде қолданудың табысты әрекетін Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінде «жасыл» экономика және қалдықтарды басқару саласындағы инновациялық шешімдерді іздеумен айналысатын «Tau Innovative Solutions» компаниясы іске асырған болатын. Осылайша Қазақстанда алғаш рет қоғамдық пайдаланудағы нысандарда қалдықтарды сұрыптау, жинау және қайта өңдеудің тиімді циклі әзірленді.

Ресми деректерге сәйкес ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 4 млн адам қатысты. Шараға күн сайын 50 000 адам келді, ал қауырт күндері 110 000 адамға дейін кешен табалдырығын аттады. Үш ай ішінде ЭКСПО-ның коммуналдық қызметтерінен шығарылған қоқыс сол кезеңде бүкіл Астана қаласы бойынша жиналған қоқыстан кем түскен жоқ. «Егер біздің жаңа технологиямыз болмаса сол тұста қалалық қоқыс орындары 150 шаршы метрге өсетін еді. Сонымен қатар қаладағы стандартты урналар кем дегенде 3 есе жылдам толатын еді. Қоқысты күндіз тасуға болмайтындықтан, кешке қарай нағыз үйіндіге айналар еді. Қоқыс өте ұзақ жиналады, өйткені әдетте бұл қолмен жасалады. Мұның бәрі жылы уақытта болса, барлық кешеннің аумағында жағымсыз иіс мүңкіп тұрмады», деп түсіндіреді жағдайды «Tau Innovative Solutions» компаниясының бас директоры Рүстем Басенов.

Оның айтуынша, ЭСКПО кезінде қоқыс қалдықтарын бөлектеп жинау тәсілі оны сапалы қылып қайта өңделуін жеңілдетті және соған мүмкіндік береді. Жобаның авторлары көрмеде жиналатын қоқыстардың аумағын есептеп, олармен жұмыс жасау үшін қазіргі заманғы жабдықты таңдап алды. Олар – бөлектеп жинауға арналған ақылды және аумағы үлкен қоқыс жәшіктері, бейімделген тығыздағыш контейнерлер, электрокарлар, қауіпті қалдықтарға арналған контейнерлер. Кейін технологиялар көрменің аумағына бөліп орналастырылып, іске қосылды.

«Көрме кешені 174 гектар аумаққа орналасқан. 1 гектар – 10 000 шаршы метр. Ал Ақорданың ауданы – 36 720 шаршы метр. Міне, көрме кешенінің аумағына 47 президенттік резиденцияны орналастыруға болады.

Бәрінен бұрын түсетін күштің шамасын ескеру қажет. Адамдар легі әр ауданда біркелкі емес. Бір жерлерде көп болса, бір жерлерде аз. Біз қалдықтар көптеп жиналатын жерлердің сызбасын жасадық. Ол келушілер көп жиналатын жерлер – кіреберістер, оның ішінде билет сататын кассалар, көшедегі дүңгіршектер, жабық аллеялар мен «Нұр Әлем» павильоны маңдары. Негізгі жүктеме көрме аумағының орталық бөлігіне түсті. Бұл көшедегі қоқыс салатын жәшіктерді орнатуды жобалау кезінде ескерілді. Егер қоқыс жәшіктері жеткіліксіз болса, адамдар қоқыстарды қайда жіберерін білмес еді», дейді өз сөзінде Рүстем Басенов.

Көрме аумағында қоқыс жинау үшін арнайы ақылды қоқыс жәшіктері орнатылды. Олардың жұмыс істеу жүйесі үшке бөлінді – қағаздарға, пластиктерге және аралас қалдықтарға арналған. Олар күн сәулесі батареясы арқылы жұмыс жасайды, ал ішінде нығыздауға арналған тығыздаушы орналасқан, ол қоқыс көлемін 10 есеге азайтуға септігін тигізеді. «Осының арқасында біз орналастырылатын қоқыс жәшіктерін едеуір үнемдедік, ал осы орындарға стандартты қалалық қоқыс жәшіктерінен бізге 30 еседен көп қажет болар еді», дейді «Tau Innovative Solutions» серіктестігінің басқарушысы Руслан Жемков. Оның сөзіне қарағанда, көрме жұмыс істеген уақыт ішінде 17 759 текше метр қоқыс шығарылған. Енді елестетіп көрелік, әдетте тұрғын үйлердің аулаларында орнатылатын қоқысқа арналған металдан жасалған классикалық контейнерлердің аумағы 0,75 текше метр. Егер біз барлық қоқысты сондай контейнерлерге жинаған болсақ, онда бізге ондайдың 23 412 данасы керек.

«Біздің қоқыс салатын жәшіктерімізге, сондай-ақ арнайы құрылғылар орнатылды, ол нақ уақытында толу деңгейін көрсетеді. Қызметкерлер қандай қоқыс жәшігі жылдам толатынын байқап, бағыт-бағдарды тиімді жүргізіп отырды, ол қызметкерлердің көрменің барлық аумағын аралап, қоқыс жәшіктерін тексеріп жүрмеулеріне мүмкіндік берді. Ең бастысы мұндай тәсіл адамдардың бойында қоқыстарды жеке дара іріктеу әдетін қалыптастырады – көрменің соңғы күндері қоқыс жәшігіндегі қалдықтардың 90 пайызы дұрыс іріктеліп алынды», деп атап көрсетті Руслан Жемков.

Қалдықтарды жинау және уақытша тасымалдау үшін электр батареяларымен жұмыс істейтін француз өндірушілерінің арнайы техникасы пайдаланылған. Бұл жанар-жағармайды үнемдеуге және ауаның ластануын болдырмауға септеседі. Оның үстіне газ және бензинмен жүретін машиналарға көрмеде жүруге тыйым салынған. Медициналық қызмет көрсету көліктері ғана жүрді, оның өзінде олар кіреберіс алаңда кезекшілік етті. Көрменің белсенді фазасының қорытындысы барлық қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткішінің 45 пайызға жеткенін көрсетті.

Әрине, проблемалар болмай қалған жоқ. Шара кезінде түрлі қиындықтар да кездесті. Мысалы, мейрамханалардың сұйық қалдықтарға арналған тұмшаланған қораптарды сақтамаулары, құрылыс материалдарының тұрмыс қалдықтарына арналған контейнерлерге келіп түсуі, темекі шегу үшін іріктелген сауыттардың пайдаланылуы біршама кедергілер жасаған. «Қонақтардың күтпеген жерден қаптап келуі жағдайы да орын алды. Бұл қоқыс жәшіктерін тым жылдам толтырды. Оның жалғыз-ақ шешімі болды, ол – 5 минут ішінде қоқысты шығарып, тазартып отыру еді. Біздің жігіттер бұл жағдайдың да оңай әдісін тапты, яғни бір қоқыс орнынан келесі қоқыс орнына, одан кейін қайта сол жерге жүріп келмеуі үшін, олар қарапайым шығыршықты аяқ киім (ролик) киіп алды. Бұл қоқыс жинау жылдамдығын едәуір есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жалпы, біздің жұмысымыздың мәнісі – жағдайға талдау жасауда, туындаған проблемаларды шешуде және оны алдағы уақытта қайталамауда. Жобаның табысқа жетуі – біздің ғана емес, әріптестеріміздің де еңбегі. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басшылығына, әсіресе сервис департаментіне алғысымыз шексіз. Олар Қазақстан аумағында үлкен жобаның осынша мүмкіндігін тексерді. Бұндай қалдықтарды жинау, іріктеу және қайта өңдеу топтамасын әлі ешкім жасаған емес», дейді Р.Басенов.

Компания мамандарының пікірінше, бүгінде қоқыс залалсыздандырылмайды, оларды негізінен қаладан тысқары шығарып, үлкен үйіндіге айналдырады. Қалдықтардың иісіне ит-құстар жақындап, олар жұқпалы дерттер тудырады. Басты қауіп – тамақ қалдығында, олар жанатын газ – метанға айналады. Ол өрт шығу қаупіне әкеліп соғады. Онда күкіртсутегі және басқа да газдар түзіледі. Осылайша, әр қоқыс орны айналасына ғана емес, сонымен бірге планетаның экологиясына бүтіндей әсер етеді. «Тағы айтарымыз бар, ескі қоқыс ешқайда жоғалмайды және жаңа қоқыспен үйінді аумағын одан сайын ұлғайта түседі. Қазақстан, әрине, кішкентай емес, бірақ жерімізді дұрыс пайдаланғанымыз жақсы емес пе?», дейді Руслан Жемков. 

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Тауарлық газдың бағалары 6-15%-ға төмендейді — Қ. Бозымбаев

13.11.2018

Шахматшы Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын жеңді

13.11.2018

Маңғыстауда автоматтандырылған жылу пунктін орнатады

13.11.2018

Түркі кеңесi диаспора істеріне жауапты министрлер мен мекемелер басшыларының үшінші кездесуі өтті

13.11.2018

Маңғыстауда 251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген

13.11.2018

Оралда қазіргі заман қаһармандарына құрмет көрсетілді

13.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында көп жақтылықты нығайтуға шақырды

13.11.2018

Маңғыстау облысында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

13.11.2018

Қолтырауындар да жылайды

13.11.2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

13.11.2018

Шерағаң шерткен шер

13.11.2018

Бақыршық жармалықтарды жұмыспен қамтып отыр

13.11.2018

«Абай болмаса, «Мирас» болмас еді...»

13.11.2018

Барқытбел баурайында ұлттық парк құрылды

13.11.2018

Теңдесі жоқ жобаның тегеуріні импортты ығыстырады

13.11.2018

Түйе шаруашылықтары ортақ іске жұмылады

13.11.2018

Тоқсан жыл бұрын Семейде...

13.11.2018

Балдыр жесе, балық та бағалы

13.11.2018

Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп

13.11.2018

Төл теңгеміз – тәуелсіздік тірегі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу