Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (29.12.2017)

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Егемен Қазақстан
29.12.2017 4039
2

1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №10, 343-құжат; 2006 ж., №23, 137-құжат; 2007 ж., №12, 82-құжат; 2010 ж., №11, 55-құжат; 2011 ж., №3, 30-құжат; 2015 ж., №24, 174-құжат; 2017 ж., №12, 33-құжат):
33-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
«33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк- кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар 
1. Республика Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жоғары Сот Кеңесі, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар құрылады. 
2. Республика Президенті: 
1) консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады; 
2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассам­блеясының, Жоғары Сот Кеңесінің, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды; 
3) консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді; 
4) консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымды адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының есептерін тыңдайды. 
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдай­ларды қоспағанда, Республика Президенті жанындағы консуль­тативтік-кеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының қызметкерлері Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйым­дастыру және оның өкілеттіктері заңда айқындалады.». 
2. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңе­сінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 173-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №22, 129-құжат; 2008 ж., №10-11, 34-құжат; 2013 ж., №17, 84-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; 2017 ж., №12, 33-құжат):
6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өздері тағайын­далғаннан кейiн мынадай мазмұнда ант қабылдайды: «Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және бас­қа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Консти­туциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.».
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнің анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.». 
3. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Консти­туциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №10, 232-құжат; 2010 ж., №11, 55-құжат; 2012 ж., №1, 2-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; 2017 ж., №12, 33-құжат):
1-баптың бесінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру» деген сөздермен ауыстырылсын. 
4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ликасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №23, 410-құжат; 2006 ж., №23, 136-құжат; 2008 ж., №20, 77-құжат; 2010 ж., №24, 147-құжат; 2012 ж., №5, 38-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; №21, 119-құжат; 2015 ж., №14, 75, 76-құжаттар; №24, 174-құжат; 2017 ж., №6, 10-құжат; №12, 33-құжат; №14, 47-құжат):
1) 27-баптың 2-тармағындағы «прокурордың санкциясымен» деген сөздер алып тасталсын;
2) 29-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «жазбаша нысандағы кепілгерлігін» деген сөздер «жазбаша кепілгерліктерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толық­тырылсын:
«Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге облыс­тық соттың судьялары қол қояды.
Облыстық соттағы лауазымға орналасуға арналған конкурсқа басқа облыстық соттың судьясы қатысқан жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлі­гінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге Жоғарғы Соттың судьялары қол қояды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Судьялық жұмыс өтіліне осы Конституциялық заңның 56-ба­бының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда судья болып жұмыс істеген уақыты қосылады.»;
3) 34-баптың 1-тармағының 5) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;»;
«8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көз­делген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;»;
4) 56-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Судья Жоғарғы Сот Төрағасының келісімімен сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға (Сот төрелігі академиясындағы және уәкілетті органдағы) судья өкілеттіктерін тоқтата отырып, судья атағын және судьялар қоғамдастығына жататынын сақтай отырып, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен тағайындалуы мүмкін.».
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №11, 72-құжат; 2008 ж., №13-14, 53-құжат; 2012 ж., №12, 82-құжат; 2015 ж., №20-І, 107-құжат):
4-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы, 6-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 6) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың,» деген сөздер алып тасталсын.
6. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №24, 175-құжат; 2017 ж., №6, 10-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша «ерекше құқықтық режим» деген сөздердің алдынан «қаржы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«9) сәйкестендіру нөмірі – Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі нысанында қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.»; 
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру нарығын, қаржылық технологияларды, электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамыту;»;
3) 9-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «соты болып табылады.» деген сөздер «соты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 1-1) және 5) тармақшалармен толықтырылсын: 
«1-1) Орталықты Басқарушы;»;
«5) Халықаралық төрелік орталығы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Орталыққа бөлінген республикалық бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Орталықты Басқарушының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.»;
4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Орталықты Басқарушы
1. Орталықты Басқарушыны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
2. Орталықты Басқарушының өкілеттіктерін Кеңес айқындайды.»;
5) 11-баптың 2 және 2-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден, сондай-ақ Орталықтың актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
Орталықтың әкімшілігі осы тармақта көзделген қаражатты үнемдеу есебінен резервтер құруға құқылы. Резервтерді құру, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі мен шарттары Орталықтың актілерінде айқындалады.
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттен Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым, оның ішінде осы бюджеттік қара­жаттан үнемдеу болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамта­масыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.»;
6) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Орталық сотының төрағасы мен судьяларын Орталықты Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «судьяларды және соттың басқа да» деген сөздер «соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.
3-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.НАЗАРБАЕВ 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 22 желтоқсан
№119-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Алтай - Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі

21.11.2018

Елбасы әлемге қазақ жерінен тараған жылқының қадірін жете түсінуге шақырды

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

21.11.2018

Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

21.11.2018

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

21.11.2018

«Хат қоржын»

21.11.2018

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үкімет басшысына жүгінді

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

21.11.2018

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

21.11.2018

Елімізде жол-көлік апаттарынан болатын адам шығыны көп

21.11.2018

Ынтымақтастық арта түседі

21.11.2018

Жастарды қолдауға арналған бастама

21.11.2018

НУ ма­гис­трант­та­ры «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек

21.11.2018

Денешынықтыру пәні пән емес пе?!.

21.11.2018

Байқау жеңімпаздары анықталды

21.11.2018

Тараздықтар халық қаһар­маны Ғазиз Байтасовты еске алды

21.11.2018

Аян беріп шақырған ағам еді...Баққожа Мұқай туралы естелік

21.11.2018

Аймауытов мұрасы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасында басшылыққа алынды

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу