Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары (29.12.2017)

Егемен Қазақстан
29.12.2017 6093
2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ 

2017 жылғы 13 желтоқсан           №830             Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен он алты пайызға арттыру жүргізілсін.
Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 15 желтоқсан           №838        Астана, Үкімет Үйі

Батыс Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., №11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Батыс Қазақстан облысының мына мәдениет және білім беру ұйымдарына:
1) «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қадыр Мырзалиевтің есімі;
2) «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Хадиша Бөкееваның есімі;
3) «Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне Мұқадес Есламғалиұлының есімі;
4) Орал қаласының білім беру бөлімінің «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 15 желтоқсан            №847          Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
15 желтоқсандағы №847 қаулысымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2014 ж., № 28, 231-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлім:
мынадай мазмұндағы он сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«ЕДБ ай сайынғы негізде ШОКС-тың бұрын берілген қарыздарын өтеу есебінен босатылған қаражатты ҚР ҰБ-дағы өзінің жеке банктік шоттарына есепке жазуды жүзеге асырады. Бұл ретте ЕДБ үш ай ішінде қаражатты ШОКС-қа одан әрі кредит беруге бағыттайды не «Даму» КДҚ» АҚ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шоттарына мерзімінен бұрын қайтарады.»;
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген 4-бөлімде:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімнің (бальзамдардан басқа) шығарылуын көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлардың шығарылуын көздейтін жобаларды іске асыратын;».
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржы­ландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №76-77, 675-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімнің (бальзамдардан басқа) шығарылуын көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлардың шығарылуын көздейтін жобаларды іске асыратын;»;
«Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімнің (бальзамдардан басқа) шығарылуын көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлардың шығарылуын көздейтін жобаларды іске асыратын;».
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржы­ландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 71-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімнің (бальзамдардан басқа) шығарылуын көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлардың шығарылуын көздейтін жобаларды іске асыратын;»;
«Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнімнің (бальзамдардан басқа) шығарылуын көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлардың шығарылуын көздейтін жобаларды іске асыратын;».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 

2017 жылғы 21 желтоқсан           №858          Астана, Үкімет Үйі 


Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) 622 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 1706 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылғы 1 тамызға және 2019 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
2017 жылғы 21 желтоқсан            №861         Астана, Үкімет Үйі
«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
4-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында № 96 бұйрықта көрсетілген адамдарға (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарды қоспағанда) паллиативтік көмек көрсетуге;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация;»;
6-тарау алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 23 желтоқсан        №864         Астана, Үкімет Үйі

2018 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабаның 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Демалыс күндері:
2018 жылғы 3 наурыз сенбіден 2018 жылғы 9 наурыз жұмаға;
2018 жылғы 28 сәуір сенбіден 2018 жылғы 30 сәуір дүйсенбіге;
2018 жылғы 5 мамыр сенбіден 2018 жылғы 8 мамыр сейсенбіге;
2018 жылғы 25 тамыз сенбіден 2018 жылғы 31 тамыз жұмаға;
2018 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 2018 жылғы 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстырылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

                      
                      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 

2017 жылғы 23 желтоқсан        №865       Астана, Үкімет Үйі 

Қазақстан Республикасының 
аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 
2018 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақ­стан Республикасы Заңының 32-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2018 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;
2) еңбекші иммигранттарды тартуға 4,2% мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 
23 желтоқсандағы №865 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 
2018 жылға арналған квота

Р/с
№    Экономикалық қызмет түрі    Жұмыс күшіне шаққанда %
1    Құрылыс    0,2203 %
2    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру    0,0379 %
3    Өңдеу өнеркәсібі    0,0274 %
4    Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау    0,0012%
5    Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау    0,0007 %
6    Ауыл, орман және балық шаруашылығы    0,0266 %
7    Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу    0,0174%
8    Көлік және қоймаға жинау    0,0052 %
9    Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер    0,0088 %
10    Ақпарат және байланыс    0,0049 %
11    Қаржы және сақтандыру қызметі    0,0029 %
12    Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар    0,0020 %
13    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет    0,0328 %
14    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет    0,0547%
15    Білім беру    0,0046 %
16    Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер    0,0038 %
17    Өнер, ойын-сауық және демалыс    0,0016%
18    Өзге де қызмет түрлерін ұсыну    0,0122 %
    Жиыны    0,46 %

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу