Бизнес • 29 Желтоқсан, 2017

Жылдың үздік кәсіпорындары – «Алтын сапа-2017» сыйлығының иегерлері

631 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жылдың үздік кәсіпорындары – «Алтын сапа-2017» сыйлығының иегерлері

«Giessenhaus» ЖШС – «Үздік инновациялық жоба» сыйлығы.
«Қазфосфат» ЖШС – «Сапа көшбасшысы» сый­лығы.
«Recycling Company» ЖШС – «Үздік инновациялық жоба» сыйлығы.
«Абзал және Компания» толық серіктестігі – «Үздік азық-түлік тауарларын және ауыл­шаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сый­лығы.
«Рауан Налко» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасын­дағы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Каскор-Машзавод» АҚ – орта кәсіпкерлік субъектілер ара­сын­дағы «Өндірістік мақ­сат­тағы үздік кәсіпорын» ата­лы­мының жеңімпазы.
«AVAGRO» ЖШС – шағын кәсіп­керлік субъ­ек­тілер ара­сын­дағы «Өн­ді­рістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Алматы өнімдері» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъ­ек­тілер арасындағы «Ха­лық­қа арналған тауарлар шы­ға­ратын үздік кәсіп­орын» аталымының жеңімпазы. 
«Жаркент крахмал зауыты» ЖШС – орта кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының жеңімпазы.
«Planta» ЖШС – шағын кә­сіпкерлік субъектілер ара­сын­дағы «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымының же­ңім­пазы.
«Медикер-өндірістік ме­ди­цина» ЖШС – ірі кәсіп­кер­лік субъектілер ара­сын­дағы «Қызмет көрсе­те­тін үздік кә­сіпорын» аталы­мының же­ңім­пазы.
«Дефектоскопия» ЖШС – орта кәсіпкерлік субъектілер арасындағы «Қызмет көрсе­тетін үздік кәсіпорын» аталы­мының жеңімпазы.
«Скулбас» ЖШС – шағын кәсіп­­керлік субъектілер ара­сын­­дағы «Қызмет көр­се­те­тін үздік кәсіп­орын» аталы­мы­ның жеңімпазы.
Қазақстанда 18 брендке тиесілі автокөлік құрал­да­ры­ның түрлі модель­дері құ­растырылады.
Қазақстанда құрас­ты­рыл­ған автокөліктер Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдерге экс­портталады. 
2017 жылдың соңында Ақмола облысында ТМД бойынша бағалы металдары бар техногендік минерал­ды түзілістерді өңдейтін ал­ғашқы алтын өндіру зауыты салына бастады. 
Павлодар облысында алюминий өндірісі мен алю­минийден автомобиль дискілерін шығаратын «Giessenhaus» ЖШС жұмыс істей бастады. Бұл жобаның қуаты жылына 36 мың тонна қоспалы алюминий шығаруға жеткілікті. 
Қазақстанда ауылшаруа­шы­лық өнімдерін шыға­ра­тын кәсіп­орындар ерекше қол­дауға ие. 2017 жы­лы Солтүстік Қазақстан облы­сын­да «Маслодел» ЖШС ашқан сүт зауыты мен Шығыс Қазақ­стандағы «Шығыс-Сүт» ЖШС-нің тұ­сауы кесілді. Әрқайсысы жылына 40 мың тонна сүт өнім­­дерін шығаруға қуатты зауыттарда 500-ге тарта адам жұмыс істейді. 
Өткен жылы Қарағанды облы­сында ескі көліктерді өңдейтін зауыт ашылды. «Recycling Company» ком­па­ния­сы жылына 50 авто­көлік өңдейді, сол арқылы 20 мың тоннадан астам түсті және қара металл өндіріледі деп жоспарланған. 
2017 жылы Маңғыстау облы­сының Құрық портының паромдық терминалы ашылды. Паромдық терминал арқылы жыл сайын 2 миллион тоннадан астам жүк тасы­малданады, Түркия мен Еуропа елдеріне жаңа бағ­дар­лар ашылады. 
 Алматыдағы «Иннова­ция­лық Технологиялар Паркі­нде» дербес кластерлік қор­дың «Цифрлы зертхана­сы» ашылды. Бұл жоба­ның артық-шылығы, мәліметтердің үл­кен жиынтық қорына терең сараптама жүргізіп, өндіріс желі­лерін автоматтандыру­ды, оған цифрландыру тех­но­логияларын енгізуді көз­дейді. Негізінен жоба өнді­ріс­терге «Индустрия 4.0» эле­менттерін дамытуды бас­ты нысанасына алған. Оның құны – 350 млн теңге. 
Астанадағы Назарбаев уни­вер­си­тетінде робот-тех­­­ника зертханасы ашыл­ды. Сондай-ақ білім ор­дасының ғалымдары адам өмі­рін ұзартуға септігін тигі­зе­тін өнім шығарды.