Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017

Apple компаниясы қазақстандық аруға сыйлық жасады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук Астана қаласының тұрғыны Назым Жанғазиноваға жаңа жыл қарсаңында сыйлық жасады.

Apple компаниясы қазақстандық аруға сыйлық жасады

«Таңертең қолында сыйлық қорапшасы бар курьер есігімді қақты. Бастапқыда әріптестерімнің немесе тұтынушыларымның сәлемдемесі шығар деген ойда болдым. Ішінде «Назиға арналған» деген жазуы бар екен», деді Назым Жанғазинова.

Ал хатта былай деп жазылыпты:

«Бірде Стив Джобс түлектермен өткізген кездесуінде: «Бәріңіздің уақыттарыңыз өлшеулі, сондықтан оны біреудің өміріне арнап, болмашы нәрсеге жұмсамаңыздар. Догмалардың құрған қақпанына түсіп қалмаңыздар. Яғни, біреудің жөн көрсетуімен, біреудің айтуымен өмір сүруден сақ болыңыздар. Жан-дүниеңіздің қалауын бөтен біреудің пікіріне бола құрбан етпеңіздер. Өзіңіздің жүрегіңіз, ішкі түйсігіңіз қалаған жолмен жүруден қорықпаңыздар. Себебі, сіздің кім болғыңыз келетіні оларға белгілі. Ал қалғандарын екінші орынға ысырып қою қажет.

Құрметті, Назым, Стивтің нұсқауымен жүріп келе жатқаныңызға және Apple брендінің тұрақты тұтынушысы болғаныңызға алғыс білдіреміз! Алғашында сізге IphoneX сыйлағымыз келген еді. Бірақ макбугіңізге су төгіп алғаныңыз туралы жазбаңызды оқыдық. Осыдан кейін сізге соңғы үлгідегі әрі жақсартылған макбук сыйлауды жөн көрдік. Келесі жылы ақылыңыз мұнан да толысқан, биік белестерді бағындырған жан болыңыз!

Құрметпен, Тим Кук!» делінген.