Қысқы спорт • 29 Желтоқсан, 2017

Фристайлдың могул түрінен ШҚО спортшылары көш бастады

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда фристайлдың могул түрінен ерлер және әйелдер арасындағы ҚР спартакиадасы мәреге жетті.

Фристайлдың могул түрінен ШҚО спортшылары көш бастады

Сайысқа еліміздің 5 облысынан 30-дан астам спортшы қатысты. Қысқы спартакиадада есімдері елімізге ғана емес, әлемге әйгілі Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков сынды тәжірибелі спортшылар да өнер көрсетті.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сенсек, жарыста үздік нәтиже көрсеткен фристайлшылар қаңтар айының 1 күні Канаданың Калгари және АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қалаларында өтетін әлем Кубогіне жол тартады. Әлем Кубогінде жүлделі орындардан көрінген спортшылардан Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын құрама жасақталмақ. Екі күнге созылған фристайлшылар бәсекесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімін назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Ерлер арасындағы қорытынды:

1 орын - Д.Рейхерд.

2 орын - П.Колмаков.

3 орын - Д.Бармашов.

Әйелдер арасындағы қорытынды:

1 орын - Ю.Галышева.

2 орын - А.Әміренова.

3 орын - О.Граур.

Әйелдер арасында жұптық могул қорытындысы:

1 орын - Ю.Галышева.

2 орын - А.Әміренова.

3 орын - А.Городко.

Ерлер арасында жұптық могул қорытындысы:

1 орын - Д.Рейхерд.

2 орын - П.Колмаков.

3 орын - Д.Бармашов.

Командалық могул қорытындысы:

1 орын – Шығыс Қазақстан облысы.

2 орын - Алматы облысы.

3 орын - Алматы қаласы.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы