Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2017

Астана мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана аудандары әкімінің аппараты әлеуметтік нысандарды бейімдеу және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетті

Бүгінге дейін 491 ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары (мәдени, спорт, денсаулық, шағын және орта бизнес) жүргізілді, оның ішінде халықтың аз ғана тобын әлеуметтік және транспорт құралдарымен қамтамасыз ету бойынша 283 нысан бар. 

2017 жылы ғимараттарды бейімдеу кестесі өңделіп, бекітілген болатын, жоспарға жыл бойы 774 нысан («Алматы» ауданы аумағында – 248, «Сарыарқа» – 327, «Есіл» - 199) енгізілген. 

Ондағы басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру. 

Базадағы мәліметке сүйенсек, бүгінде астанада 23 069 мүмкіндігі шектеулі тұлға тіркелген, оның 4 379-ы балалар. 

Жыл басынан 12 153 мүмкіндігі шектеулі адам (мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес) оңалту қызметімен толық қамтылды, атап айтқанда протез-ортопедиялық көмек, тифло, сурдо және гигиеналық құралдар, кресло-арбалар, жеке көмекші қызметі «Инватакси» тасымалдау  және т.б. қызметі.